» » СОТ АКТІЛЕРІНЕ ШАҒЫМ БЕРУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ

СОТ АКТІЛЕРІНЕ ШАҒЫМ БЕРУ ТӘРТІБІ ТҮСІНДІРІЛДІ


Азаматтардың сот процесінің қатысушылары болып, сот шешімімен келіспейтін немесе шығарылған шешімді әділ емес деп санайтын жағдайлар жиі болып тұрады.
Аталған тақырып бойынша Жаңақорған аудандық сотының кеңсе қызметкерлерінің арасында семинар өткізілді.
Семинар барысында аудандық сотттың бас маман сот отырысының хатшысы А.Оразбаева баяндама жасады.
А.Оразбаева өз баяндамасында азаматтық, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша шығарылған сот актілеріне апелляциялық шағым берілуі және жоғары тұрған саты сотына жолдау тәртібін түсіндірді.
Азаматтық істер бойынша: Шешім шығарумен аяқталған сот талқылауы кезінде шығарылған ұйғарымға жеке шағым берілген, прокурор өтінішха келтірген жағдайда, шешімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткеннен кейін ғана іс жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша: Сот қаулысына шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхатты қаулы шығарған сотқа жіберіледі, ол шағым, прокурордың апелляциялық өтінішхаты келіп түскен күннен бастап үш тәулік ішінде оларды істің барлық материалдармен бірге жоғары тұрған сотқа жіберуге міндетті.
Қылмыстық істер бойынша: Үкім шығарумен аяталған сот талқылауы кезінде шығарылған қаулыға шағым берілген, прокурордың өтінішхаты келтірілген жағдайда, іс үкімге шағым жасау үшін белгіленген мерзім өткен соң ғана жоғары тұрған сот сатысына жіберіледі.
Дегенмен аталған семинардың мақсаты азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы және қылмыстық істер бойынша сот актілерін жоғары тұрған саты сотына уақытылы жолдауға бағытталған.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
05 қараша 2021 ж. 217 0