№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев түрмеден босап шықты

АҚШ-та сотталған Диас Қадырбаев түрмеден босап шықты


АҚШ-та ағайынды Царнаевтар ісі бойынша сотталған қазақстандық студент Диас Қадырбаев түрмеден босап шықты.Бұл туралы шетелдік Fox News арнасына сілтеме жасап Stan.kzақпараттық агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық студенттер Азамат Тажаяқов пен Диас Қадырбаев 2015 жылдың маусым айында сотталып, 3,5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Қос бірдей отандасымыз Бостондағы теракті ісін тергеуге кедергі келтіргені үшін түрмеге жабылды.
АҚШ-тың кеден және көші-қон қызметінің өкілі 24 жастағы Қадырбаевтың түрмеден шығарылып, ведомство қарауына жіберілгенін растады. Қазіргі таңда Диасты Қазақстанға қайтару ісі қаралуда.
Айта кетейік, 2013 жылдың 15 сәуірінде халықаралық марафон кезінде Бостонда екі жарылыс болды. 3 адам қаза болып, 200-ге жуығы жараланды. Терактіні ұйымдастырды деген күдікпен Тамерлан және Джохар Царнаевтардың үстінен іс қозғалды. Джохар 20 сәуір күні қолға түсті, ал Тамерлан 19 сәуір күні полициямен болған атыс кезінде көз жұмды.
2015 жылы Бостон соты Джохар Царнаевты өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды. Тамыз айында адвокаттар апелляциялық шағым түсірді. Бүгінгі таңда Царнаев Колорадо штатында, қатаң режімдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.
АҚШ билігінің мәліметіне сүйенсек, Тажаяқов пен Қадырбаев Джохар Царнаевпен таныс болған. Олар атыстан кейін үш күн өткен соң, пиротехника мен ноутбук салынған сөмкенің көзін жойған. Бұл терактіні тергеу ісінде үлкен қиындық туғызған.

31 тамыз 2018 ж. 1 015 2

Гость Jeahulalf от 25 ақпан 2019 00:13
Cialis Femme Effet Cialis Y La Diabetes Ciproxin 250mg cialis generic Buy Kamagra 100mg Francia List Of Online Pharmacies

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 23:18
Amoxicillin Causes Stomach Discomfort Acquistare Kamagra Grenoble cialis cheapest online prices Is Ampicillin The Same As Amoxicillin Keflex And Conjunctivits Euro Meds Online