№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мамандығым – болашағым

Мамандығым – болашағым


Әрбір адамның болашағы таңдаған мамандығына байланысты. Сол себепті маман­дық таңдау оңай емес. «Түйір нан – тамшы тер» демекші, жақсы маман иесі болу үшін көп ізденіп, оқу, білім алу керек. Ең бастысы мамандыққа деген сүйіспеншілік қажет.


«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан», – деп Абай Құнанбаев атамыз айтып кеткендей, кез келген адам өмірден өз орнын табуға тырысады, еңбектенеді, оқиды. Әсіресе, белгілі бір мамандықты игеріп шығу ең маңыз­ды қадамдардың бірі. Әрбір адам ас­қақ арманға, биік мақсатқа ұмтылады. Жақсы маман болу үшін ең алдымен өзің таңдаған мамандықты сүйіп қана қоймай, сол мамандықтың қыры мен сырын жете меңгеруің керек. Сонда ғана өзің таңдаған мамандықтың қаншалықты құнды әрі маңызды екенін түсінеміз.
Менің қазіргі таңдап отырған ма­ман­дығым – архитектор. Арма­­ным осы таңдап отырған мамандығым­ды игеріп, болашақта ауданымыз­­дың өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қосу. Егер архитек­тор мамандығын меңгеріп шық­сам, небір зәулім ғимараттар мен білім ошақтарының үлгісін сызып, жаңа жұмыс бастамасына жол ашқым келеді. Соны­мен қатар, тағы бір арманым – мү­сінші болу. Өмірден өткен ата-бабаларымыздың көшірмесін, аң құс­тардың кескінін заман талабына сай ерекше етіп жасағым келеді. Құдай қаласа, суреттерім мен жобаларым үлкен жоғары байқауларда сараланса және нәтижелі болса деп ойлаймын.
Әр адамның өзіне тән ерекшелігі, өнері болады. Мысалы, кейбіреулері кестелеп тіксе, кейбіреулері дәмді тағамдар жасайды. Ал, менің сүйіп айналысатын істің бірі – сурет салу. Негізінен, суретке деген құштарлығым балалық шағымнан байқала бастады. Қағаз бетіне кез-келген мүсінді, адамның бейнесін немесе табиғат көріністерін салуға тырысамын. Келешекте атақты суретші болсам деймін. Осы маман­дықтың қыры мен сырына үңіліп, қиындығы мен қызығы қатар жүретін ғажайып мамандықты жаңа бір қырынан танытсам деймін. Жаны жабырқаған адамдарға қылқаламның күшімен кө­мектесіп, қуаныш сыйлағым келеді.
Үнемі ізденісте жүріп, сурет әлемінің ішіне бүккен сырларын көңіліме тоқып, зерделеп, зерттеу – менің басты міндетім.

Нұрсұлтан Тырысжанов,
№125 орта мектебінің 11 а сынып оқушысы
11 шілде 2023 ж. 1 025 0