№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мамандықтың жаманы жоқ. Тек...

Мамандықтың жаманы жоқ. Тек...


Бәсекеге қабілетті білікті маман қалыптастыру – бүгінгі күннің басты талабы. Мектеп қабырғасында он бір жыл бойы білім алып, ой-өрісін кеңейтіп, білім жарысының мәресіне жеткеннен кейінгі ойланатын мәселе – болашақ мамандықты таңдау. Бұл жасөспірім өмірінің маңызды кезеңі. Себебі таңдаған мамандығы өмірінің бір бөлшегімен біте қайнасып жатады. Осы орайда кент орталығындағы №125 мектептің 9-11 сынып оқушылары мен түрлі сала мамандары «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.


Мамандық таңдау – тағдырыңды таңдау. Адамның белгілі бір қызмет атқа­руына мүмкіндік беретін прак­тикалық тұрғыдағы жиынтығы. Белгілі бір кәсіп түрін таңдау күрделі про­цесс болғандықтан, өз жолыңды қателеспей, дұрыс таңдау үшін ойла­насың, пікір алмасасың. Айта кететіні, мамандық таңдау кезеңінде тұрған оқушыларға бағыт-бағдар беріп, таңдау мүмкіндіктерін шешуіне ықпал етуде мектеп кезеңі, сонымен қатар ата-ана таудауы да әсер етеді. Осы орайда жасөспірім шақта таңдаған мамандығың өзіңе өмір бойы азық болатынын да ұмытпаған жөн. Осындай пікір таласта бас қосқандар қатарында аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Ханзада Ахметова, аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің маманы Мұхтар Белсенбаев, аудандық аграрлы-тех­ни­калық колледжі директорының орын­басары Мампаев Алмас, мейірбике Мадина Рыспаева, мектептің әлеуметтік педагогы Ұлболсын Төлеу мен жеке кәсіпкер «DS» сұлулық салонының иесі Данагүл Жанғабылова болды.
Жиында алғаш болып мектеп директоры Жеңіс Ибрагимов сөз алды.
– Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ соны таңдауда дұрыс шешім қабылдай білу керек. Қарапайым сөзбен айтқанда мамандық таңдау өзің айналысқың кел­ген жұмысты таңдаудан ғана емес, араласқың келетін ортаны қоса таңдаудан тұрады. Сол себепті әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйеніп барып болашақ мамандығына аяқ басу керек. Әр адам үшін өз мамандығын таңдауда әрі қиын әрі жауапты болғандықтан мына отырған сала мамандарын арнай сіздер үшін шақырдық. Өз пікірлеріңізді ашық айтып,айтқан ақыл-кеңесіне мұқият құлақ салып, өздеріңізді толғандырған тақырыпқа сай сұрақ қойсаңыздар да болады, – деді.
Шынында да, болашақта қандай мамандықты таңдаған жөн? Бұл сауал күннен күнге өзекті мәселеге айналуда. Өйткені заман талабына сай біздер атқаратын жұмыстың орнын роботтар басуда. Осы орайда алдағы уақытта біз жасайтын жұмысты роботтар тартып алмайды ма деген де заңды сауал туындайды. Қоғам автоматтандырылған, сонымен қатар жасанды интеллект дамып, жаңа технологиялар бас айналдырарлық жылдамжықпен дамып келе жатқанда компьютерлер мен роботтар атқаратын жұмыс орындары көбейіп, адамдар өз нәпақасын табу мүмкіндігінен біртіндеп айрылуда. Мұны Оксфорд мамандары да растап отыр. Олар барлық мамандықтың 35 пайызы келесі 25 жылда толығымен автоматты жүйеге өтетінін айтуда. Сондықтан жұмыс жасаймын деген жасқа таңдауда қателеспеуі үшін осындай пікір сайыстардың өтуі орынды.
– Мамандық ол сіздің болашағыңыз, табысыңыз, өміріңіз. Бұл жөнінде Жүсіпбек Аймауытовтың мынадай сөзі бар. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл – жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе». Рас, жас жеткіншек тек өз жүрек қалауымен ғана таңдаған кәсіптің шебері бола алады. Яғни мамандық таңдау – жай ғана оқып, диплом алу емес, өмірлік жолыңды айқындау. Сондықтан болашақтарыңды айқындау барысында талапкер де, ата-ана да «жеті рет өлшеп, бір рет кескен» абзал болмақ. Сол үшін осы бастан дұрыс бағытты таңдап, лайықты маман болудың жолын қарастыру керексіздер. Өйткені өз саласының білгірі ғана қай кезде де сұранысқа ие болмақ, – деді жұмыспен қамту орталығының маманы Ханзада Ахметова.
Шара барысында оқушыларға түрлі мамандық жайында слайдтар көрсетіліп, келген қонақтармен қоса мектеп түлектері де алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылар тарапынан келген қонақтарға «Адамның мамандық таңдауына оның әлеуметтік жағдайы әсер етеді деп ойлайсыз ба?», «Қазір заман талабына сай, дамыған елдің маманы болу үшін не қажет», «Қазіргі жастар өзінің икемі келеттін жасқа емес, жалақысы неғұрлым жоғары салаға бет бұрып жатады. Бұл қаншалықты дұрыс?» «Өз саласының маманы болу үшін не істеу керек?» деген сияқты сауалдар қойылды.Өз ойларымен бөліскен қонақтар сан алуан мамандық болғанымен таңдау біреу екенін нақтылап айтты.

Лаура БИБАСАРОВА
04 желтоқсан 2019 ж. 5 981 0