№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Журналист болу арманым

Журналист болу арманым

      Адам өміріндегі ең маңызды, әрі жауапты сәттердің бірі – мамандық таңдау. Өйткені, бұл шешім сенің өміріңді өзгертіп қана қоймай, болашағың, ертеңгі күнің болмай ма? «Мамандықтың бәрі жақсы, қалауыңша таңдап ал» дегендей, қазір сан мамандық иесін таңдаудың жолында тұрмыз. Осы жолда адам бойындағы өмірлік құндылықтары, кəсіби бағыттылығы анықталады. Менің ойымша, әрбір адам өз түйсігіне сеніп, жүрек қалауымен болашақ мамандығын таңдауы керек. Осының бәрін түсіне отырып, мамандық таңдауға мен де барынша құлшына кірістім.

   
 Менің таңдаған мамандығым – бала кезімнен алдыма қойған мақсатымның, қиялымда кеңге жайған асқақ арманымның нәтижесі. Ол – журналист болу. Қарапайым журналист емес, жаһандық аренада танымал қазақ журналисі болу. Қазақ еліндегі журналистика саласының беделін әлемдік деңгейдегі елдермен теңесуіне өз үлесімді қосу.
     Журналист болғым келеді! Бұл ой маған ғайыптан, не болмаса, ата-анамның қалауынан келген жоқ. Қазіргі жүректегі «журналист боламын» деген жалын оты бала кезімнен тұтанып, жүрегімнің түкпірінен орын алған болатын. Бірақ, анам сияқты мұғалім боламын немесе ақ халатты абзал жан дәрігер боламын деп біраз уақыт жүрдім. Дегенмен де, жүрек қалауымен журналист болуға белімді будым. Бала күнімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсіріп, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап…» деп талмай еңбектеніп, қажырлы жұмыс жасап, бойымдағы шығармашылық қабілеттерімді дамытып жатырмын. Бұл мамандық әдеби тілді, сауаттылықты қажет етеді деп түсінемін. Әрдайым газет-журналдарды оқи отырып, әр тақырыптағы мәселелерді зерделеп, ой елегінен өткізіп отырамын. Іздене отырып, менің де журналистикаға деген құлшынысым арта түсті. Өзімді шыңдау үшін әртүрлі сайыстарға қатысып сынап келемін. Есейе келе, бұл арман алға қойған мақсатыма айналды.
     Әр адам кез келген нәрсені өзі істеп көрмейінше үйрене алмайды. «Көз қорқақ, қол – батыр» деген нақылдың мағынасы да сол қисынды түсіндіреді. Ал журналист тыңдарманды өз сөзіне сендіруі үшін әуелі өзіне-өзі сенімді болуы керек. Оның сенетіні өзінің бойындағы қабілеті, құндылықтары. Өзімнің де көзім жетуі үшін, ауданның 90 жылға жуық тарихы бр төлгазет «Жаңақорған тынысы» ұжымымен тығыз байланыста жұмыс жасадым. Менің талпынысым зая қалмады. Өйткені басылым ұжымы мені журналист мамандығының қыр-сырымен таныстырды. Нәтижесінде журналистикаға деген көзқарасым кеңейіп, құлшынысым одан сайын арта түсті.
Журналистика  қиын да, қызықты мамандықтардың бірі. Тапқырлық, шыдамдылық пен батылдықты қажет ететін мамандық. Дегенмен, қызығы мен шыжығы қатар жүретін қызықты мамандық еңбекқор болуымен қатар, жауапкершілігі мол тіл жанашыры болға тәрбиелейді. Сонымен қатар бұл мамандық иелері  қарапайым халық пен қоғам арасындағы көпір секілді. Сондықтан олар тек шындықты айтатын, әділдікті жақтайтын журналист болуды мақсат етеді. Сонда ғана ол сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адамқатарынан болмақ.
  Журналистика – күш, ашық пікір, шынайы мінез, тұңғиық ой, талғампаз көзқарас анық көрінетін бірден-бір мамандық. Қоғамдағы көкейкесті, өткір мәселелерді қозғайтын да осы сала. Сондықтан осы мамандықтың хас шебері болуды армандаймын. Сол жолда ұшқыр ойыммен, киелі қаламыммен қасқайып қарсы тұратын асқақ ойлы азамат боламын деп ойлаймын. Ол үшін жоғарғы білім алып, халқыма адал қызмет етемін. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы боламын. Кім біледі, мүмкін, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі қиялымдағы ойым – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?!
       Қорытындылай келе, менің арманым – менің болашағым. Болашақта өз саламның шыңына табан тіреп тұратын күнге де жетемін деген үмітім зор. Сондықтан жігерімді шыңдап, арманымды алдыма үміт етіп, жүрек қалауымды жасадым.

Фариза ТУРЕХАНОВА
№163 ОРТА МЕКТЕПТІҢ 11"В" СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
22 мамыр 2022 ж. 567 0