№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Республикалық кәсіптік білім бәекесінен көшбастап, облыс атын асқақтатты

Республикалық кәсіптік білім бәекесінен көшбастап, облыс атын асқақтатты

Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов қатысқан "WORLDSKILLS KAZAKSHTAN" VII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатында Қызылорда облысының атынан қатысып, бақ сынаған Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж студенті Мәтен Нұрдәулет І орын Алтын жүлдеге ие болып, жүзден жүйрік шықты. Студентімізге жетекшілік еткен колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Бегімбетова Сауле.


Қазақстанның 20 облысынан ең мықты, ең білікті студенттер жиналған Республикалық додада үздік студентіміз ауданның ғана емес, Сыр өңірінің атағын асқақтатты.

Құрылыс мамандығының "Кірпіш қалау" құзіреттілігі бойынша тың тәжірибесін берілген уақытта кемшіліксіз орындап, өз жобасын үздік қорғаған кәсіптік колледж шәкірті айтулы жеңісі арқылы Жаңақорған аграрлы-техникалық колледждің мерейін тасытты. Алпыс жылдық асуы бар колледж ұстаздарының еселі еңбектерін елге танытты.

Айта кететіні, Мәтен Нұрдәулет "Worldskills" чемпионатының аудандық, облыстық іріктеу турнирінде де топ жарып, I орын иеленген болатын. Соның арқасында, Республикалық турнирге қатысып өз шеберлігін Республикада көрсетті.

Сарыарқаның төрінен I орын иеленіп, алтыннан медаль таққан көшбасшы студентімізді мерейлі жеңісімен құттықтаймыз. Кәсіптің шырағын жаққан өз ісінің кәсіби білгірі болуына тілектеспіз. Шәкіртіміздің топтан дара шығып, жеңімпаз атануына барлық қолдау танытқандарға өз үлестерін қосқан жанкүйерлерге Облыстық білім басқармасына, әдістемелік орталық мамандарына, колледж кәсіподақ ұйымына және Жомарт Абибуллаұлы мен Даулетхан Мадиярханұлына алғысымызды білдіреміз.



13 желтоқсан 2022 ж. 168 0