» "WORLDSKILLS" ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАҢАҚОРҒАН ЖЕРІНДЕ

"WORLDSKILLS" ОБЛЫСТЫҚ ЧЕМПИОНАТЫ ЖАҢАҚОРҒАН ЖЕРІНДЕ




Баршаға белгілі, 2014 жылы Қазақстан - WorldSkills қозғалысына мүше болып енді.

WORLDSKILLS стандарттары - ол білім мазмұнының сапасы, жаңа технологиялар мен оқыту тәсілдердің алдыңғы озық тәжірибесін қамтамасыз ету, жаңашыл педагог, бәсекеге сай маман!

Республиканың жастар қозғалысын бір арнаға жұмылдырған үздік жоба Қазақстанның түкпір-түкпірінде жыл сайын ұйымдастырылады. Енді міне, биылғы жылы дүбірлі доданың аймақтық іріктеу салтанаты Қызылорда облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен Жаңақорған жерінде, Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж базасында бастау алды.

Жаңаруға жарқын қадамдар бастаған кәсіби колледждегі игі шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев арнайы қатысып, облыстың 28 оқу орнынан келген 100-ден аса қатысушыға сәттілік тіледі.

Аймақтық шара аясында ауданымызға 100-ге жуық құрметті қонақтар, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарының директорлары мен әлеуметтік серіктестік басшылары келді.

Облыстық іріктеуден өткен жеңімпаздар 2022 жылы қараша айында өтетін Республикалық WSK чемпионатына қатысатын болады.


                                                                                                  Жаңақорған кенті әкімінің баспасөз қызметі
---
15 мамыр 2022 ж. 166 0