№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Олжалы оралды

Кәсіптік колледж – жаңару этапынан өтіп қана қоймай, жетістіктерге еркін жол бастауда. Сапалы білімді басты назарға қою арқылы шәкірттер өз білім-біліктерін облыстық, республикалық сайыстарда дәлелдеуде. Сондай сүйінші хабардың бірі, жуырда ғана «Worldskills-2021» Ұлттық чемпионатының аймақтық кезеңінде колледж студенті Сымбат Серікбайқызы «Аспаз ісі» құзіреттілігі бойынша 3 орынды иеленіп, үздік үштіктен көрінді. Шәкіртімнің жетістігіне қуанғаным сол, ақпараттық арналарда жариялауды жөн көрдім...

Білім саласы әсте бақылаусыз болмайтыны анық. Студенттердің білім-білік деңгейін қалыптастыруда, оларды кәсіби маман етіп даярлауда ынтықтыратын фактордың болғаны абзал. Соның бірі деп, «Worldskills» Ұлттық чемпионатын айтуға болады. Білім және Ғылым министрлігінің «2014-2016 жылдарға арналған ТжКБ дамытудың тиімді бағытын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына» сай бекітілген арнайы шараны орындауға «Кәсіпқор» Холдингі КЕАҚ бекітілген болатын. Міне, содан бері республикалық деңгейдегі бұл жоба жастарды кәсіби кадр етіп даярлауда, шыңдауда өз тиімділігін көрсетіп келеді. Жыл сайынғы ұйымдастырылатын шарада студенттеріміз қатысып, бағына сай бұйырғанын олжалайтын. Бұл жолғы қола жүлде Сымбат Серікбайқызына бұйырды. Бұл – Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж ұстаздарының ортақ жеңісі, ортақ еңбегі деп білемін.
Қызылорда облыстық білім басқармасы, Облыстық оқу орталығының (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі базасында «WorldSkills-2021» Ұлттық чемпионатының Республикалық кезеңіне қатысушыларды іріктеу мақсатында, санитарлық қауіпсіздіктің қатаң шараларын сақтай отырып, «Аспаз ісі» құзыреттілігі бойынша аймақтық чемпионат өткізілді. Байқауда аспазшы Сымбат өз белсенділігі мен біліктілігін дәлелдеп, көп ішінен топ жарды.
Шеф-аспаз болуды армандайтын Сымбат Серікбайқызы:
– Еңбектің наны тәтті. Бұрындары аспазшы деген мамандық ерсі көрінгенімен, қазір арнайы аспаздарға сұраныс өте жоғары. Өзім әрқашан тәттілер, түрлі тағамдар дайындағанды ұнатамын. Бұл жобаға қатысу арқылы білім ордасынан үйренгенімді әділқазілар алқасына ұсындым. Оң көзқарас тауып, үздік үштіктен көріндім. Осының өзі мен үшін айтулы жеңіс. Болашақта мамандығым бойынша тұрақты жұмысқа орналасып, кәсіби аспазшы атанғым келеді.
Рас, аспаз – кәсіптік колледждегі материалдық шикізат қоры толық жасақталған мамандықтың бірі. Студенттеріміз алысқа аттанбай-ақ, замсанауи үлгіде жасалған асханадан іс-тәжірибеден өте алады. Дуалды оқыту аясындағы практикалық сабақтар да осы асханада ұйымдастырылады. Яғни, келешек кәсіби аспаздарға дайындауға қажетті заманауи құрылғылар толықтай бар. Тіптен, заманауи үлгіде, соңғы дизайнда. Сондықтан, түрлі тағам дайындауға қызығатын келешек аспаздарға «Аспаз» мамандығы есігін айқара ашады.
Айнұр БЕКЕШ.

29 маусым 2021 ж. 426 0