» » Елді еңбек адамы көркейтеді

Елді еңбек адамы көркейтеді

 Адамның өмір сүруіне қажет басты құндылықтарды жасайтын қарапайым еңбек адамының қажырлы болмысы мен қайратты қолдары екенін біз әрқашан есте ұстауымыз керек.
Бұл туралы бүгін елорда тқрінде өткен ұлықтау рәсімінде Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былай деді:
"Әділетті Қазақстанда еңбек адамына ерекше құрмет көрсетілуі тиіс. Әсіресе, ұстаз, дәрігер, тәртіп сақшысы, құтқарушы, жұмысшы, шаруа сияқты мамандардың мәртебесін одан әрі арттыра түсуіміз қажет", - деді  президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Осы кәсіп иелері тиісті құрмет пен сыйға ие болғанда ғана қоғамымыз шынымен жаңарады деп айта аламыз» деді Мемлекет басшысы.
  Бұдан түйетініміз, кісінің күнделікті қажетінде қасынан табылып, жәрдем көрсете алатын  ұстаз, дәрігер, кенші, құтқарушы, өрт сөндіруші мынды қасиетті мамандық иеелерінің алдағы уақытта мерейі артып, мәртебесі бекиді деген сөз. Мамандығым- мқтанышым деп өз жұмысын беріліп, шынайы жақсы көріп жасаған мама нағыз жұмыскер бола алады.  Бұл өз кезегінде келешегіміздің көркем келбетін қалыптастырмақ. Мамандығын сүйіп атқаратын адал ұрпақ, асқақ мемлекеттігіміздің негізін қалайтын да солар.
26 қараша 2022 ж. 272 0