№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мереке күні 7 нәресте дүниеге келді

Мереке күні 7 нәресте дүниеге келді


Толық бір мүшел жасты артқа тастап бастапқы мазмұнына қауышқан “Республика күні” мерекесі ауданымыз үшін мерейлі жаңалықтарымен келді. Ұлттық мереке қарсаңында ауданымызда 7 сәби өмірге келіп, қуаныш қуанышқа ұласты.

  Бұл дүниеде бар бақытымыз да, қызығымыз да, күйбең тіршіліктің көлеңкелі сәттерін ұмыттыратын ұлы дәулетіміз де балаларымыз екені даусыз. Қазақ байлығын қорасындағы малымен емес, бауырындағы баласымен өлшейтіні де содан болар. Бала көбейсе, бұл бір отбасының құтберекесі ғана емес, күллі елдің байлығы, ұлт демографиясына дем берер жемісі. Осыны ескерген аудан әкімінің орынбасары Бектас Нуридинов пен ауданаралық аурухананың бас дәрігері Сакен Үсейінов аурухананың перзентхана бөлімінде босанған аналарды құттықтауды назардан тыс қалдырмады әрі аудан әкімінің атынан арнайы сыйсияпат тапсырды.

– Республика күні қарсаңында дүние есігін ашқан бүлдіршіндеріміздің болашақта үлкен азамат пен азаматша боларына сеніміміз зор. Мереке күні дүниеге келіп жатқан барлық сәбидің дені сау болып, елдің баласы болып өсуіне тілектеспіз. Ең бастысы, осы сәбилерді дүниеге әкелген аналардың денсаулығының мықты болғандығы. Өйткені қасында анасы болса, балалар бақытты. Бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын , бақытты бала болып өссін. Атаулы мереке қарсаңында дүние есігін ашқан нәрестелер туған жеріміздің мақтанышына айналар тұлға болсын. Сіздерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы.

Ал, аудандық аурухананың бас дәрігері Сәкен Үсейінов аналардың да, жаңа туылған нәрестелердің де жағдайының жақсы екенін жеткізді.
– Еліміз ұлттық мерекені ұлықтап, атап өтіп жатқан тұста өмірге дені сау ұрпақ келіп, туған жер тұрғындарының саны толыға түсуі бізді де шаттыққа бөлеп жатыр. Жалпы кішкентай шақалақтардың да олардың аналарының да денсаулықтары бірқалыпты. Аналардың бәрі сәтті босанды. Ендігі бүгін-ертең перзентханадан шығарылады. Шыр етіп, дүниеге келген нәрестенің үнін есту анаға да, дәрігерге де үлкен бақыт. Міне, осындай бақытты сәтті бастан кешіріп, бауыр еті – балаларыңызды қолдарыңызға алғандарыңызға қуаныштымыз, – деді бас дәрігер.

Айта кетейік, Республика күні бір тәулікте облыс бойынша барлығы 55 бала дүниеге келсе, оның 38-і ұл, 17-сі қыз бала. Міне, осындай құттықтау тек отбасындағы береке-бірлікті ғана арттырып қоймайды. Сондайақ демографиялық ахуалды да көтеруге сеп боларына сеніміміз кәміл.

Әсел Рзаева
27 қазан 2022 ж. 587 0