№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Кәусардың» көкжиегі кең

«Кәусардың» көкжиегі кең


Кейден ауылының тұрғындарының екінің бірінің есігінің алдында жүгері дақылы жайқалып өсіп тұр. Ауыл халқының соңғы жылдары өнімнің осы түріне бет бұруының сыры – сұраныстың жоғарылығында. Әрі бұл дақыл суды аз қажет етеді. Әр тұрғынның үйіне келіп тұрған аяқсудың энергиялық қуатын «СКЗ-U» мекемесі шешіп беріп отыр. Осы кәсіптің бүгіні мен келешегіне берік негіз қалаған ауылдағы «Кәусар» жүгері сусынын шығаратын шағын кәсіпорынның иесі Қасым Әбузайырұлы бұл іске тыңнан дем беріп отырған азамат.


– Жүгеріден жасалған таза табиғи өнім өндіруші кәсіпорын 2017 жылы 3 млн теңге грант алып, кәсіпті дамыту бағытында іске кіріскен екен. Қажетті құрал-жабдықтарды толық қамтамасыз етуде тағы да қаржы қосып, өндірісті іске қосу үшін оған лайықты ғимарат құрылысын отбасы болып жұмылып, талапқа сай дәрежеде тұрғызып алғанын айтты. Ауданда 12 адамды жұмыспен қамтыған кәсіпорынның талапқа сай жұмыс жүргізуінде мамандар жетік қалыптасып, ырғақты жұмыс істеп тұрғанын білдік.
Жылына 800 тонна өнім һндіретін кәсіпорын 2017-2018 жылдары «Қазақ­станның үздік тауары» көрме байқауына қатысыпты.

Жүгері дақылы В, Е витаминіне бай. Оның отаны – Америка. Оның адамның ішкі ағзасына ұшан-теңіз пайдасын жақсы білетін жұртшылықтың жүгеріден дайындалған сусынға да сұранысы зор екені айтпаса да түсінікті. Аталмыш кәсіпорынды аяққа нық тұрғызған ынталы кәсіпкер осы жағын қатты ескерген секілді.

Ауылдағы орта мектепті бітірген соң арнайы мамандық алған ол жеке кәсіпкерлікке ден қойып, қазірде бір бағытта жүгері сусынын дайындаудың технологиясына бет бұрған тәрізді. Жаңа кәсіптің қыры мен сыры да көп, жылдан жылға тәжірибе арттырып, сапасын өз деңгейінде дайындауға жан-жақты ізденісте жүретінін де айтты. Дайын өнімді құйып алуға қажетті ыдыстарды өздерінде дайындап, бірден сату орындарына жіберетінін көрдік. Жаңақорғандағы «Нұрасыл» базарына өткізетін өнімдерінің бір бөлігінің одан әрі осы дүкендерден көтерме саудамен Алматы, Шымкент нарығына жол тартатынын да байқадық.
Ауыл жастарын озық технологияны меңгеруге бейімдеп, өзі де ғылыми ізденісін жалғап келе жатқан Қасым Әбузайырұлының алға қойған мақсаты бұдан да үлкен.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
23 тамыз 2022 ж. 431 0