№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шағын өндірісін іске қосқан кейдендік кәсіпкер Қасым Әбжаппаров

Шағын өндірісін іске қосқан кейдендік кәсіпкер Қасым Әбжаппаров

  Ауданның 90 жылдығы мен М.Көкеновтың 90 жылдық мерейтойы аясында Кейден ауылында жүгері сусынын шығаратын «Кәусар» шағын кәсіпорын іске қосылды. Аудан әкімі Ғалым Әміреев пен зиялы қауым өкілдері қатысқан салтанатты шара кәсіпорынның ішкі мүмкіндігімен танысумен басталды. Оның егесі мемлекет қолдауын сезініп, шағын өндірісін іске қосқан кейдендік кәсіпкер Қасым Әбжаппаров.





  Ол өткен жылы Қазақастанда жоқ жо­ба­ны қолға алып, мемлекеттік грантқа ұсын­ған болатын. Жүгері шаруашылығын дамыту арқылы ақ жүгеріден сусын шығару технологиясына бизнес-жоспар жасады. Осы­лайша, мемлекеттік «Бизнестің жол кар­тасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ұйым­дастырылған гранттық негіздегі кон­курсқа қатысты. Жаңашыл жоба жеңімпаз атанып, 3 млн. теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды. Соңыра Шығыс Қазақстан облысына шағын цехтың құрылғыларына тапсырыс берді. Ал заманауи аппараттарды шығыстағы тапсырыс қабылдаушылар шекара асып, Қытайдың Үрімші қаласынан тапты. Не керек, Қасым Әбузайырұлының көптен күткен заманауи аппараты Кейден ауылына келіп, ел ағала­рының қатысуымен іске қосылды. Ашылу салтанатына аудан әкімі арнайы қатысып, құттықтау сөзін арнады.

– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыс­пен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берген болатын. Жолдаудан туындаған ба­сым бағытты жүзеге асыру бағытында Сыр елінде алдағы 3 жыл «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Бұлда бол­са, кәсібін дөңгелеткісі келген ынталы кәсіпкерлерге үлкен демеу. Міне, соның айқын дәлелі – «Кәусар» жүгері сусынын шығаратын шағын цехтың іске қосылуы. Бұл өз кезегінде ауылдағы ағайынның әлеуметтік ахуалының тіктелуіне үлкен көмек. Жұмыс көзі ашылып, әрі елдің ала жаздай еккен жүгерісін осы кәсіпорынға өткізуге мол мүмкіндік, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Кейдендік кәсіпкер мемлекет қолдауымен қатар, аудандық кәсіпкерлер палатасы ар­қылы «Өңірлік инвестициялық орталықтан» қаржылай қолдау алды. Бастысы – жаңашыл технология қолында. Ендігі тек кәсібін бәсекеге сай дөңгелетіп жүргізу. Бізде өз кезегінде Қасым Әбжаппаровтан сусын шығаруға неге жүгері өнімін таңдағанын сұрадық. Оның айтуынша, бойына А, В, С, Е дәрумені, калий, магний, қант, түрлі пайдалы заттарды жинаған жүгерінің жүз пайдасы бар. Оған қоса, мұндай жүгері өнімінен шығатын сусынға Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың өзі жоғары бағасын берген. Академияның сараптау зерт­ханасынан өткізіп, сапалы, құнарлы сусын шығаруға мол мүмкіндігі бар екенін жеткізген. Осындай, ғылыми тұрғыдағы сараптаудан қанаттанған Қасым Әбжаппаров өзі жетекшілік ететін «Әбділда» шаруа қожалығына тиесілі 15 гектар аумақтың 10 гектарына жүгері дақылын сеуіп, бүгінде түгел жинап алды. Өзі егіс егіп, әрі одан отандық табиғи сусынды шығаруға бел байлаған кәсіпкердің шаруасы ширақ. Бұл Елбасы Жолдауында айтылған: «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көп­теген позициялар бойынша әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиіс» деген пәрменімен сабақтасып тұрғандай. Экологиялық тұрғыдан таза жүгері өнімінен шығарылатын сусын әзірге Қазақстанда жоқ жоба екен. Осындай жауапкершілік жүгін сезінген кәсіпкер мемлекет үдесінен шығатын, халыққа қолжетімді бағадағы отандық өнімді жасау жолында аянбай еңбектенуде. Бұған дейін «Попкорн» шығару өндірісін жолға қойып, Жаңақорған, Шиелі, Түркістан нарқын бағындырған кәсіпкердің келешегі кемел. Болашағы баянды. Өйткені, ол түйір нанның тамшы терден тұратынын жақсы біледі. Сон­дай-ақ Қасым Әбжаппаровтың жұмысының жүйеленіп, сауда айналымына шығуына өзінің бауыры Сейтмұқан да қолжәрдем береді.
Расында, бизнес деген осылай, талпынасың, ерінбесең, еңбегің еселі. Бұл – табыстың өзі һәм көзі. Айтқандай, кәсіпкердің тағы бір үлгі аларлық тұсы. Ол жүгері сусынын құятын пластикалық құты мұқабасындағы «Кәусар» сөзін латын қарпінде жазуды ұйғарыпты. Бұл мемлекет саясатын қолдап қана қоймай, жүзеге асыра білген кәсіпкердің ұтымды бастамасы.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК.
13 қараша 2018 ж. 1 244 0