№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КЕЙДЕНДІК КӘСІПКЕРДІҢ БЕРЕКЕЛІ БИЗНЕСІ

КЕЙДЕНДІК КӘСІПКЕРДІҢ БЕРЕКЕЛІ БИЗНЕСІ

  Бұл күнде ауданда кәсіпкерлік бағытта жаңа буын қалыптасып, өнім өндірудің өзіндік жолын тапты. Әсіресе, іске қосылғанына аз уақыт болса да, республика көлеміне танылып үлгергені бар.

   Міне, осындай мемлекет қолдауын сезініп, шағын өндірісін іске қосқан кәсіпкердің бірі – кейдендік Қасым Әбжаппаров. Ол өткен жылы Қазақстанда жоқ жобаны қолға алып, мемлекеттік грантты иеленген еді. Яғни, жүгері шаруашылығын дамыту арқылы ақ жүгері мен бидайдан сусын шығару технологиясына бизнес-жоспар жасады. Осылайша, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған гранттық негіздегі конкурсқа қатысты. Жаңашыл жоба жеңімпаз атанып, 3 млн теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды. Кәсіпкер мемлекет қолдауымен қатар, аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Өңірлік инвестициялық орталықтан» қаржылай қолдау алды. Бастысы – «Кәусар» тек аудан, облыс төңірегінде ғана емес, көршілес Түркістан, Алматы, Нұр-Сұлтан нарқына жол тартты. Қасым Әбжаппаровтан сусын шығаруға неге жүгері өнімін таңдағанын сұраған болатынбыз. Оның айтуынша, бойына А, В, С, Е дәрумені, калий, магний, қант, түрлі пайдалы заттарды жинаған жүгерінің пайдасы орасан. Оған қоса, мұндай жүгері өнімінен шығатын сусынға Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың өзі жоғары бағасын берген. Академияның сараптау зертханасынан өткізіп, сапалы, құнарлы сусын шығаруға мол мүмкіндіндігі бар екенін жеткізген. Осындай, ғылыми тұрғыдағы сараптаудан қанаттанған Қасым Әбжаппаров өзі жетекшілік ететін «Әбділда» шаруа қожалығына тиесілі 15 гектар аумаққа жүгері дақылын септі. Өзі егіс егіп, әрі одан отандық табиғи сусынды шығаруға бел байлаған кәсіпкердің шаруасы ширақ.

Е.Райымбек.



15 мамыр 2019 ж. 1 307 0