№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәтті торт пісіру хоббиім

Тәтті торт пісіру хоббиім



Қазіргі таңда дәмді торттың түр-түрін пісіріп, тапсырыс қабылдау қыз-келіншектердің негізгі кәсіп көзіне айналып үлгерді. Күн санап технологияның дамығаны соншалық көздің жауын алатын тәттілердің сан түрі елдің сұранысына ие болуда. Ендеше торт пісіру кәсібін бастағанына небәрі екі жылдан енді асқан Аружанның  түрлі тәттілері көптің көңілінен шығып, дайындаған өнімдері мерекелік жиындардың сәніне айналып та үлгерді.
 
Аружанның айтуынша, бала кезінен дастархан мәзірін жасауды ұнатып, түрлі тәттілер пісіруге қызығушылық танытқан. Есейе келе Қызылорда қаласындағы Қазанғап атындағы музыкалық колледжіне оқуға түсіп, оны халық аспаптары бөлімі «Домбыра» мамандығы бойынша тәмамдайды. Ауылға келіп, оқудан жиған степендиясына тәттілер пісіруге қажетті деген ингредиенттерді алып, торт пісіреді. Алғашқыда үйдегілерге шайға тіске басарға деп бастап, соңы  ағайын-туыстың тапсырыс беруіне ұласады.

Тәтті пісірумен айналысатын жас кәсіпкердің негізгі мамандығы музыка саласы болғанымен, осы салаға сәйкес жұмыс істемегендіктен кәсіптің жаңа түрін меңгеруге батыл кіріскен Аружан ізденуден, үйренуден жалықпайды. Ол өздігінен торт пісіру айтарлықтай нәтиже бермейтінін түсініп, онлайн шеберлік сыныптардан өтуді, үнемі тәжірибесін толықтырып отыруды мақсат етеді. Елімізге танымал тәттілердің шеберлері түркістандық Нұрайдан онлайн, алматылық Әсел Жұматайдың әлеуметтік желіге жүктеген шеберлік сыныптарына онлайн қатысып, торт пісірудің қыр-сырын одан әрі жетілдіруге уақытын арнайы бөледі. Одан бөлек басқа да түрлі курстардан керегін үйреніп, шеберлігін шыңдайды. Ақыры өзі қалаған  «Вупи-пай», «Қызыл бархат», «Сүтті қыз», «Наполеон» тағы басқа торттың бірнеше түрін пісіруге кәсіби тұрғыда кіріседі.

-Менің тұтынушыларым көбіне кент тұрғындары. Сұранысқа сай тапсырыстарды уақытылы орындап, тұтынушылардың алғысын алғанымда төбем көкке жетеді. Адамдарға қуаныш сыйлау, ақ батасын алу мен үшін үлкен бақыт және бастаған ісіңнің берекесін арттыруда да осындай алғаусыз алғыстардың септігі көп, - дейді Аружан.

Кейіпкеріміздің айтуынша, қазіргі тұтынушылардың талғамы жоғары. Сондықтан істің көзін тауып бастаған екенсің, оны әрі қарай дамытып санға емес, сапаға жұмыс жасау міндетің. Ол үшін әр әсті бастарда адамға әуелі көтеріңкі көңіл күй мен ниеттің түзулігі керек. Осындай асыл қасиетті бойына сіңірген Аружан бүгінде кәсібі арқылы тұтынушылардың алғысына бөленіп жүрген жан.

Сатып алушылар арасында ең көп сұранысқа ие қай торт түрлерін атап өтсеңіз деген сауалымызға : « Бізде торттар тек қана табиғи өнімдерден жасалады. Қызыл бархат, вупи пай, сүтті қыз сынды торттарымызға сұраныс жоғары. Алдағы уақытта өзге де жаңа торт түрлерін шығарып халыққа ұсыну жоспарда бар. Осылайша халықты қуантқым келеді» деді ол.

Сондай-ақ аптасына онға жуық тапсырыс қабылдайтын кондитер күнделікті тапсырыс беру деңгейі өте жоғары еместігін де жеткізді. Көбіне туған күн кештеріне тапсырыс түсетінін айтқан кейіпкеріміз айына 100-150 мың теңге табыс табатынын да жасырмады. Алайда осы тұста тәттіге керекті ингредиенттер үшін аптасына 50 мың теңге жұмсалатыны, бастысы табиғи өнім соның ішінде халал заттардан жасалған соң торттың бағасы да тапсырысқа сай жасалатынын білдік. Сондықтан оның тәттілерінен бір рет дәм татқан адам оның тұрақты тұтынушысы болатынына сеніміміз мол. Себебі өз ісінің шебері әрбір өнімді ерекше ынтамен дайындайды.

Әңгіме барысында кейіпкеріміз өнімді жарнамалаудың ұтымды әдісі әлеуметтік желіде жарнама жасау екенін айтты. 

-Егер күнделікті тәтті тағамдарды дайындайтын болсаңыз, Instagram желісіндегі жеке парақшаңызда дайын өнім жайлы ақпаратты, оның бағасы жайлы мәліметте үнемі жариялап отырыңыз. Егер шағын наубайхана,  не болмаса кафе ашсаңыз, да әлеуметтік желілерде ресми парақша ашқаныңыз дұрыс болады. Ол парақша бренд атауымен аталуы тиіс. Ондағы жазылушылар саны да үлкен рөл ойнайды. Ал бұл өз кезегінде тапсырыстың көптеп түсуіне жол ашады,- дейді.

Расында Аружанның еңбектенгеніне қарап өз қаражаты есебінен, кәсіп түрін жандандырамын деген қыз-келіншектерге бұл үлкен сабақ. Келіндік жұмысымен қоса тәтті пісіруге де уақытын тауып өз бизнесін жүргізіп отырған жас кондитердің қадамына біз де сәттілік тілейміз.
Жұмыссыз азаматтардың кәсіпкерлікке келуіне, өз бизнесі арқылы табыс табуына мүмкіндік мол. Тек батыл қадам мен нақты шешім қажет.

Лаура БИБАСАРОВА
25 шілде 2022 ж. 784 0