№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Талаптыға нұр жауар

Талаптыға нұр жауар


Еңбек етемін деген адамға атқарар іс көп. Қомақты қаржы салмай-ақ үйінде отырып кәсібін дөңгелетіп жүрген жандар аз емес. Сондай кәсіптің бір түрі – түрлі тәттілер пісіріп сату. Бүгінде сұранысқа ие кәсіп көзі десек қателеспейміз. Өйткені қазір түрлі тәттілерсіз дастарқанды елестете алмаймыз. Мейлі туған күнде де, тойда да бұл тағам дастарқанымыздың сәніне айналды. Тіпті, дүкен сөрелеріндегі емес, арнайы тапсырыспен даярлау сәнге айналды. Міне үйінде отырып-ақ кәсібін дөңгелетіп жүрген жандардың қатары қалыңдап келеді. Сондай жандардың бірі қарапайым ғана келіншек, түрік тәттілерінің ханшайымы – Ақмарал Жидебаева.


Кейіпкеріміздің қолға алған кәсібі – кондитерлік өнімдері оның ішінде түріктің түрлі тәттілерін пісіру.
– «Алғашында тәтті өнім пісірумен хобби ретінде айналыса бастадым, кейін келе кәсібіме айналды. Мектеп қабырғасында оқып жүрген кезімде анамнан үйренгенім ғой, бәліш, кекс, нан пісіретінмін. Есейген соң, қызығушылығым арта түсіп, әр түр­лі торттарды пісіріп, тәжірибе жи­нақтадым. Үйге қонақ келе қал­са, бар ынта-жігеріммен торт пісіріп, алдарына ұсынатынмын. Алғашқы тап­сырыс берушілеріміз де үйге кел­ген қонақтардың қатарынан табылды. Содан басталған кәсіп бұл. Міне, осылайша торттар мен қолдан әзірлеген бәліштеріме туыстарымнан тапсырыс түсе бастады. Тәттілерімнің ойдағыдай шығуы үшін бар ықылас-ниетімді салуға тырысамын. ХХІ ғасыр ұялы байланыстың дамыған заманы ғой. Адамдар көбінесе торттарды ғаламтор арқылы тапсырыс беретінді шығарды. Енді әркезде әрқалай тапсырыс түсіп жатады. Кейде бір күнде 7-8 торт немесе пахлаваға дейін пісіремін. Бұл менің күнделікті айналысатын ермегім ғой. Сондықтан түн ортасына дейін ұйықтамайтын кездерім де бар. Шыны керек, кейде уақытым жетпей де жатады. Бірақ, жүрек қалауымен айналысқаннан болар, түрлі тәттілер пісіруден шаршамаймын, керісінше жан тыныштығын табамын. Әсіресе, түрік елінің бәліштері мен тоқаштарын ерекше ықыласпен дайындаймын, – дейді кәсіп иесі.
Кәсібін жан-тәнімен ұнататын Ақ­маралдың қолынан шыққан торттың небір түрлері, тіскебасар, бәліштер ауыл тұрғындарының арасында сұранысқа ие. Дастарханға Ақмаралдың тәттілері қойылған сәтте, қонақтардың барлығы да дәмін татып, ерекше ықалас танытып, үй иесінен байланыс нөмірін сұрап алып жатады. Оның үстіне бағасы қолжетімді болғандықтан көпшіліктің қалтасына аса салмақ түсірмейді. Бүгінде «Түрік тәттілері» деген дүкен желісі орталықта өз жұмысын жандандыруда.
– Мен барынша қарапайым халықтың жағдайына қараймын. Пісірген өнім­дерімді қолжетімді бағамен ұсынамын. Адамда қанағат болса, аз-маз тапқан ақшаңның берекесі де болады екен. Әрине, бір тортқа қажетті заттар мен коммуналдық шығындарды есептегенде орташа бағаны ұстауға тырысамын. Одан бөлек, ашытқысыз нанның алуан түрі мен қолдан жайылған қамырды да дайындап жүрмін. Өйткені, қазір адамдардың көпшілігі жұмыста, сол себепті де базардағы дайын жайманы алып салады. Ол маған аса ұнай бермейді. Өйткені, қамыры қалың, әдемі шықпайды. Соны көріп, өзім үйден жайма дайындауды қолға алдым. Өзімнің тұтынушыларым бар, – дейді кәсіп иесі.
Ақмаралдың тәттілері тіл үйіреді. Қашанда тұтынушылардың көңілінен шығу үшін барынша тырысатын кәсіп­кердің жасаған өнімдеріне өзге ауыл-аймақтардан да тапсырыс беріп, жа­қындарын түрлі дәмдімен қуантып жүрген жандар да жеткілікті.
Ризық-несібеге қол жеткізудің өзі адамның іс-әрекетіне байланысты болса керек-ті.
Тәтті пісіріп сатушылардың барлығы да бұл саланы алғашында хобби ретінде бастап, кейін кәсіпке айналдырған. Қолдан келсе қабілетті пайдаланып, неге ақшаға айналдырмасқа? Үйреніп, білгісі келген адамға кедергі жоқ. Бастысы ниеті түзу, еңбегі адал болса болғаны.
"Түрік тәттілерінің" орналасқан жері, Акиматка қарама қарсы, бұрынғы "Быстро" дүкеннің орны. Келіңіздер, сіздерді күтеміз!
Әсел РЗАЕВА

25 қаңтар 2022 ж. 743 0