№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шалғай ауылдағы Аруназ сексен отбасына алты ай тегін нан үлестірді

Шалғай ауылдағы Аруназ сексен отбасына алты ай тегін нан үлестірді


Жаңақорғаннан шалғай орналасқан  Қосүйеңкі елді мекеніндегі «Аруназ тәттілері» наубайханасы алты ай бойына тұрмысы төмен сексен отбасына тегін нан үлестірді.


«Zhas Project» жобасымен бір миллион теңге грант ұтып алған «Аруназ тәттілері» наубайханасының жетекшісі Балжан Қараева кәсібін дөңгелентіп, ауылдастарынанан өнімдері, торт, пирог,  тәтті тоғаштарын ұсынып отырған жас келін.
 –Ауыл әкімдігіндегі Жастар ресурстық орталығынан «Zhas Project» жобасына «Аруназ тәттілері» бизнес жоспарымды ұсындым. Менің ұтқаным, Қосүйеңкідегі сексен отбасыға нан мен тәтті тоғаштарды алты ай көлемінде тегін таратуды ұсындым.  Бастамама Қабылов Берік пен Құлтасов Тоқтар деген екі ауылдасым қосылды. Арнайы оқу курсынан өтіп, сертификат алдық. Алты ай перзенттік парызымызды адал атқардық.
Ораза кезінде,  сауда жақсы жүрді. Мектептегі түрлі кездесулер, ас беру рәсімдеріне тапсырыстар көп түседі. Арасында торт, пирогтарды да тапсырыспен пісіреміз»,– дейді Балжан Қараева.
    Қызылорда облыстық Кәсіпкерлерді қолдау палатасының сарапшысы Әсел Алушаеваның айтуынша, Сыр өңірінде отызға дейінгі жастардың белсенділігі өте жоғары. Облыста өткен жылы «Бастау» бағдарламасы бойынша 405 адамға, биыл 820 адамға қайтарымсыз қаржы берілген. Яғни, қай жерде орналасқандығына қарамастан бизнес бастамасы озықтар грант ұтып алып, шағын кәсібін бастауға мүмкіндік алып отыр.

Ханзада Дошан 
17 маусым 2019 ж. 1 995 0