№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жарық жүйесі жаңаруда

Жарық жүйесі жаңаруда


Жалпы Жаңақорған ауданындағы қаншама жылдан бері түйіні шешілмей жүрген жарық мәселесі биыл оң шешімін тапты. Кенттегі көне бағаналар мен электр сымдары, трансформаторлар қайта жаңғыра бастады. Біз алғашқы жұмыс тобын Ордакент көшесінде кезіктірдік.


Рас, бүгінге дейін аудан көлеміндегі электр бағаналары мен желілерінің 70 пайызы тозығы жеткен. Көпшілігі өткен ғасырдың 1965-1970 жылдары қойылған бөрене бағаналар, барлығының жарамдылығы тым төмен. Ауа-райының қолайсыздығына сәйкес электр желілерінің үзілуі, бағаналардың сынуы мен құлауы жиі кездесіп, тұрғындар тарапынан шағым көп айтылып келді. Бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін құны 3,4 млрд теңгені құрайтын жоба дайындалғаны айтылған еді. Ауданға әкім болып келген Мұрат Жолкелдіұлы бірінші кезекте осы мәселенің шешілуіне жұмыс жасады.

– 2022 жылы «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен 898,8 млн теңге бөлініп, жаңғырту жұмыстары басталды. Жоба 2023 жылы толық аяқталады. Сондай-ақ 9 елді мекеннің (Қандөз, Келінтөбе, Қожакент, М. Нәлібаев, Қыркеңсе, Манап, Құттықожа, Сунақата, Аққорған) электр желісін жаңғыртуға демеушілер есебінен жоба дайындалып, сараптамадан өткізілді. Республикалық бюджеттен қаржыландыруға ұсынылды. Аудан орталығындағы жоба келер жылдың соңына дейін толық жүргізілсе, онда кенттегі және кейбір елд мекендердегі жарық мәселесі шешімін табады, – деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Қайрат Сапарбаев.

Ал, жарықтан әбден тарыққан ауылдар уақытша болса да кенттен шыққан жарамды бағаналар мен электр сымдарын қажетіне жарата тұрады. Аудан басшысы осы мәселеге мән беріп, ауылдық округ әкімдеріне қажетті құрал-жабдықтарды уақыт оздырмай ауылға алуды тапсырды.
Иә, биыл кенттегі ауыз су мәселесі шешімін тапса, келер жылы электр жарығы жолға қойылады деп сенім білдіреміз. Ал, сапалы қызметтің басы-қасында жауапты мамандары болары анық. Дегенмен бұл жоба жаңақорғандық жұртқа керек болған соң, тұрғындар да жұмыстың жүйелі болуына мән беруі тиіс.

Әлібек ТЕМІРБЕК
25 шілде 2022 ж. 476 0