№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КЕНТТЕГІ КЕЛЕЛІ ІСТЕР

КЕНТТЕГІ КЕЛЕЛІ ІСТЕР

Енді аудан орталығына ойысайық. Жаңақорған ауданында Сунақата, Екпінді елді мекедерін сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту жұмыстарына республикалық бюджеттен 808,3 млн теңге бөлініп, биылғы жылы жұмыстар жасалатын болады. «Сүттіқұдық, Қожамберді, Жайылма елді мекендерін сумен жабдықтау желісін қайта құру және кеңейту» жоба-сметалық құжаттары әзірленуде.

– «Ауыл ел-бесігі» бағдарламасы аясында «Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін салу» жұмыстары биылғы жылы аяқталады. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ы «Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені жаңғырту» жобасын әзірледі. Жоба құны – 3 421 718 мың теңге. «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» АҚ-ы, жалпы құны 3,4 млрд теңгені құрайтын «Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электрлелілік жүйені жаңғырту» жұмыс жобасын әзірледі. Жобаның ауқымдылығына байланысты ықшамдалған сипатта «Жаңақорған кентіндегі 10/0,4 кВ электржелілік жүйені қайта жаңғырту» жобасы жасалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Жоба құны – 535,8 млн теңге. Жобада кенттегі кезек күттірмейтін аумақтар бойынша электр желілерін қайта жаңғырту көзделген. Жоба бойынша 52,7 шақырым әуе желілері және 20 дана жиынтықты трансформаторлық станса ауыстырылады, – деді Е.Сұлтанбеков.
Жаңақорған кентіндегі «Саяжай» және «МАИ бекеті» аумағында бой көтерген тұрғын үйлерді газбен қаматамсыз ету қажет. Осыған орай 10976,9 мың теңге жоба-сметалық құжаттар әзірленуде. Кент орталығындағы тұрғын үйлердің шамамен 97 пайызы газ отынын пайдаланады, сондай-ақ, 27 әлеуметтік нысанның 23-і газ отынын немесе 86 пайызы газдандырылған екен.
29 мамыр 2021 ж. 1 677 0