№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көктөбедегі 4 мәселе қалай шешілді?

Көктөбедегі 4 мәселе қалай шешілді?


Аудан әкімі Руслан Рүстемов онлайн форматтағы халықпен есеп беру кездесуінде Көктөбе ауылдық округі бойынша атқарылған істерді талдаумен бастады.


Қыркүйек айында аудан әкімі Көктөбе ауылдық округіне барғанында 4 ұсыныс көтерілген еді. Атап айтқанда, ауыз суды шешу, тозығы жеткен электр желісін жаңарту, интернет желісінің жылдамдығын арттыру, елді мекеннің жеріне Түркістан облысының шаруалары малын жаяды деп шағымданғандар болды. Жиын барысында ауылда ауыз су мәселесі шешімін тапқанын білдік. «Талап-Сырдария» топтық су құбырының іске асуы ауыз су мәселесін түбегейлі шешті.
– Интернет желісінің жылдамдығы Көктөбе ауылында шындығында қиындық тудыруда. Осы кездесуге Қандөз ауылына келіп, қатысып отырған бірден бір елді мекен. Бұл жөнінде тиісті сала мамандарымен сөйлесіп отырмын. Алдағы уақытта компания өкілдерімен арнайы құрылғы орнату жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр, – деді әкім.
Смартфонның қызығын көре алмай отырған ауылдық ағайындар бұл жаңалықты қуанышпен қабылдады. Жүйелі жоспар іске асса Көктөбеліктердің әлеуметтік желіде белсенділігі артпақ.
– Бүгінгі таңға аудан көлеміндегі елді мекендерде электр бағаналары мен желілерінің 70 пайызы тозығы жеткенін айтып сала мамандары дабыл қағуда. Көпшілігі өткен ғасырдың 1965-1970 жылдары қойылған бөрене бағаналар. Олар қазіргі таңда тозығы жетіп, жарамсыз жағдайда. Ауа райының қолайсыздығына сәйкес электр желілерінің үзілуі, бағаналардың сынуы мен құлауы жиі кездесіп жатады. Сол сиқы кеткен көне бағаналар мен желілерді қалпына келтіруге көп күш, ұзақ уақыт, әрине қыруар қаржыны қажет етеді. Бұл өз кезегінде тұрғындардың жүйкесіне әсер етіп, ренішін тудырады. «Биыл ізі болса, келер жылы өзі болар», мұны дәйекті шешпесек уақыт өте береді, керуен көше береді.
Біз бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін қазіргі таңда Жаңақорған кентінің электр желелері мен бағаналарын ауыстыру үшін жоба дайындалды. Жобаның құны 3 млрд. теңгені құрайды.
Сондықтан үлкен жобаны қаржыландыру да оңай болмайын деп тұр. Сол үшін облыстық мәслихат, парламент депутаттарын бірге жұмылдыра отырып, республикалық, облыстық бюджеттерден алдағы жылдарға қаржы қарастыру жұмыстарымен айналысып жатырмыз.
Ауыл сыртындағы мал жайылымдық жерлерге сырттан келген малшылар түйе әкеліп жаятындығы жөніндегі мәселеге жергілікті шаруақожалықтардың да қатысы болуы мүмкін. Айта кетерлік бір жайт, төрт түлік жануарлары өздігінен келіп жайылып жүрген жоқ. Осы ауылдағы шаруа қожалық иелерімен келісіп, кіріп отыр. Бұл мәселені ауылішінде ынтымақтаса отырып шешудің жолын қарастыруды ауыл әкімі Боран Абуовке жүктеді.
Жиында қаншама жылдар бойы көтеріліп келген Көктөбе ауылындағы №89 негізгі мектеп өткен жылы күрделі жөндеуден өткізілгенін білдік.
01 ақпан 2021 ж. 745 0