Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Полистеролбетон аудан нарығына жол тартты

Полистеролбетон аудан нарығына жол тартты


Қазір құрылыс саласының материалдары нарықта үлкен сұранысқа ие. Өзге өңірді айтпағанда, біздің ауданның өзінде тапсырыс тым көп. Әсіресе, маусымдық кезеңде көлемі артып, тауар айналымы тұтынушылар талғамына сай түрленіп тұрады. Бірақ, соған сай баға да өсіп барады. Бағаны нарық реттейді, бәсекелестік күшейген ортада құрлылыс материалдарының жаңаруын жыл сайын көріп келеміз. Мәселен, үй қабырғасын тұрғызу үшін бүгінге дейін қызыл кірпіш, шлакоблок, пеноблок бренд болса, енді полистеролбетонды тұтыну трендке айналуы мүмкін. Мұндай өнім шығаруды Жаңақорғанда бірінші болып Сәкен Сыздықов ағамыз қолға алды. Жақсыны көрмекке Жаңаауылға жол тарттық.


Дара кәсіпкер «Өркен» деп ата­латын кәсіп иесі былтыр шағын це­хын іске қосып, өнім шығарды. Тек қаржы тапшылығынан, оның үстінен тапсырыстың аздығынан кешегі күнге дейін нарықтың үлкен айналымына то­лық ене алмаған. Енді тұтынушылардың талғамына, ұсынысына сай өнімнің өрі­сін кеңейтуде.
– Бұл кәсіпті ашу туралы ой өзім үй құрылысын бастағаннан соң келді. Бастапқыда қызыл кірпіштен қабырғаны тұрғызуға ниет қылдым. Бірақ, интернет арқылы осы өнімге назарым ауып, сатып алуға бел байладым. Алайда, Алматы қаласынан тапсырыс беру уақыты 1-2 жыл көлемі болғандықтан, техникалық-экономикалық жағдайын зерттей келе өзіміз қолға алуды ұйғардық. 2020 жылдан бастап зерделей бастадым, алдымен елдегі өндірістердің әлуетін байқадым. Сөйтіп, интернет арқылы ресейлік мамандармен байланысып, қа­зақстандық кәсіпкер блогерлермен де кеңесіп көрдім. Тәжірибе жинақтаған соң Ресейдің Пермь каласынан шағын зауыт алдырдық. Оның ішінде шикізат­ты өнімге айналдыратын құрылғылар мен бетон қалыптары келді. Зауыт қызм еткерлерімен кез келген уақытта қоңырау шалып, білмеген тұстарымды сұрап отырдым, – деді кәсіп иесі.
Тиісті сынақ-тест барысын ағамыз бағамдап көрген. Жылу сақтағыштығы, ауыр заттармен ұрып-соғу, 5 метр биіктіктен бетон бетіне тастау, суға батырып қою, от пен күйдіру, шеге қағу, қол арамен қырқу, қамаз автокөлігімен басу сынды сынақтан өткеннен кей­ін полистеролбетон блоктары басқа материалдарға қарағанда оқ бойы озып шыққан екен. Біздің білетініміз бұл құрылыс материалы көбіне ірі құры­лыстарға, яғни, екі-үш қабатты нысан­дар салуға қолданады. Енді үйдің құрылысын салуға да жұмсала бастады. Сәкен ағамыздың бастамасын ұлы Өркен қоштап, қазір күніне екі мезгіл, тапсырыс аз кезінде бір уақыт шикізаттан өнім шығарып отырады.
– Жұмыс жүгі кесек құйып, шлакоблок өндіруден әлдеқайда жеңіл, тек қалып­ты құрып, қайта жинау уақыт алады демесеңіз, барлығын техника жасайды. Өнім иленіп дайын болған кезде қалыпқа арнайы құбыр арқылы құйып отыру ғана қолды ұстайды. Бұл маусымдық жұмыс емес, қысы-жазы шығаратын бола­мыз. Өйткені, шағын цехымызда барлық жағдай жасалынған, – деді жас жігіт.
Иә, Сәкен ағамыз келешекте бұл кәсіптің көкжиегін кеңейтіп, қосымша жұмыс күшін көбейтуді ойлап отыр. Әзірге сәл қаржы мен тапсырыс көбірек келсе болғаны, жастарды жұмыс жұ­мылдыруға дайын. Қазір 4 қызметкер бар, еңбекақысы күнделікті. Жазда цех іші салқын, қыста жылы болады. Ішінде, жуынатын бөлме, аяқ су мен ауыз, газ кіргізілген.
– Бұл жобаға аз қаражат кеткен жоқ. Бұйырса «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы арқылы 6 проценттік несие арқылы 5 млн қаржы алып, ісімді кеңейткім келеді. Құжаттарды өткізіп қойдық, бұйырса жақын арада қаржы аламыз деген ниеттеміз. Шыны керек, бұл жай ғана құрылыс заты емес. Бұның тиімді тұсы өте көп, үй жағдайында жаздай ыстықты өткізбесе, қыста жылы температура ұстайды. Мәселен, полистеролбетонды жалпағынан қалай­тын болсаңыз, қақаған аязда 1 күн от жақпасаңызда үйдің температурасы сақталады. Тек 1 градус төмен түсуі мүмкін. Әрі, 2 метр кірпіштің жылылғымен бірдей, яғни кірпіштің қалыңдығымен есептегенде, екі метр кірпішті қатар өргенмен тең. Ал, тік өрсеңіз, онда 1,5 метр кірпіштің қалыңдығымен пара-пар. Оған көзім анық жеткен соң, тәуекелге барып, кәсіпті бастап кеттім.
– Бағасы қолжетімді ме?
– Әр данасы 1200 теңгеден. Көбісі қымбатсынатын, алайда биылдан бас­тап сатып алушылар қатары көбейіп келеді. Айына 3000 дана шығарудамыз, жалпы көлемі 600×300×200 болады. Ал, құрамына келетін болсаңыз, қоспасы аз емес. Бірақ, адамзатқа зиянды ққоспа құрамда болмайды.
Полистиролбетон – жеңіл және ауыр бетонды араластыру технологиясы арқылы түйіршіктелген кеуек пенопласт пен цементті қолдана отырып дайын­далады. Пенопласт өнімге жылу айырғыш қасиеттер берсе, бетондық негіз оның беріктігін сақтайды. Мұндай құрылыс блоктары суыққа төзімді, дыбыс айырғыш және оттан сақтайтын қасиеттерге ие. Олар кәдуілгі кірпіштерден біршама жеңіл болады. Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі де ұзақ. Полистиролбетон алғаш рет Германияда пайда болған, кейінірек Ресей мен Кореяда дамып, бүгінде Алматы, Қарағанды қалаларында қолға алына бастады.
Полистиролбетон экологиялық жа­ғынан қауіпсіз, биологиялық әсерге ұшырамайды, керемет кесіледі, оған шегелер мен өзге де бекіту құралдары жақсы кіреді. Полистиролбетон өзінің сапалық және бағалық сипаттамалары жағынан кеуек блоктардан және тіпті газобетоннан асып кетеді, ал тым аз жылу өткізгіштігіне орай қазіргі коммуналдық тарифтердің шарықтаған кезінде ерекше көзге түседі.
Кәсіпкердің өнімі Д-500 деп аталады, бұл жеңіл түрі, бірақ сапасы өте жоғары. Ал, құрамын біз толық ашпадық, егер қызығып, толық мәлімет аламын немесе құрылысыма жаратуға ниеттімін десеңіздер мекен-жай Жаңақорған кенті, Жаңаауыл аумағы, М.Түйменұлы көшесінде орналасқан. Біз зерделедік, мүмкіндігінше мағлұмат беруге тырыстық. Қалғаны уақыттың еншісінде...

Әли ТЕМІРБЕК
24 шілде 2022 ж. 524 0