№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » ЗАМАНАУИ КІРПІШКЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

ЗАМАНАУИ КІРПІШКЕ СҰРАНЫС ЖОҒАРЫ

  Еуропалық стандартқа сай лего-кірпіш Жаңақорғанда жасалады. Заманауи кірпіш құюды қолға алған жаңақорғандық Жомарт Шәуеновтың шағын зауытында тас төсеніштері мен шлакаблок өнімі де қатар шығаруда. Қызылорда облысында тұңғыш болып, лего-кірпіш өндірісін іске қосқан кәсіпкердің өнімі нарықта жоғары сұранысқа ие.

   Жомарттың айтуынша, бұл кірпіштің басты ерекшелігі – құрастырмалы әрі төзімді. Оған қоса, баспананың қабырғасын өруге кететін уақыт қысқарады. Өйткені, кірпіш екі үлгіде шығарылады. Біріншісі – ойық, екіншісі дөңбек болады. Осылай ұяшықтары арқылы бір-біріне киіледі. Отандық өнімнің шикізаты да өзіміздің өңірден.
– Лего-кірпіш Еуропада жиі қолданылатын құрылыс материалы ретінде танымал. Өте берік және тығыз болады. Он бес тонналық гидровикалық қысыммен нығыздаудан өтеді. Құрамына келсек; Ақүйік тауының ірі құмы, Шалқияның жуылған май қиыршағы, және цемент пен арнайы қоспа қосылады. Гипер престеуден өткен лего-кірпіш беріктігі жоғары және тұзданбайды. Сәулетті келбетімен де ерекше. Тапсырыс берушінің талғамына сай кез келген түсте шығарамыз. Түркістан облысынан да тапсырыстар жиі түседі, – Жомарт Шәуенов.
Иә, лего-кірпіштің шығарыла бастағанын бір жыл болса да жеткен жетістігі аз емес. Мәселен, өткен жылы облыстық кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі ұйытқы болған «Қазақстанның үздік тауары – 2018» облыстық көрме-байқауының «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Әрі Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қайтысып қайтты.

Ж.Сейдеметов.

15 мамыр 2019 ж. 1 665 0