№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәрбие тіні – ұлттың ділі

Тәрбие тіні – ұлттың ділі


Елдің ертеңі болатын азаматтардың мемлекет тұтқасын мықтап ұстауы білім мен біліктілігіне, әдебі мен иманына тікелей байланысты.
Алдымен тіл мәселесіне тоқталайын. Қай ұлтты жою үшін алдымен тілін күйрету керек дейді. Міне, біздің тіліміз де көп қысымға ұшыраған. Осыдан болса керек, үлкен қалаларда орыс тілділер көп. Өз ана тілінде ойланатын азаматтардың аздығынан халықтың әл-ауқаты көтерілмейді. Өйткені олар біздің қазақи менталитетімізді бойына сіңірмеген. Өзінің халқына не керек екенін аңғармауы да мүмкін. Бұл өте қауіпті. Сондықтан тілге мән беруіміз керек. Ал, ислам діні бізге толыққанды өз мазмұнында жетпей, түрлі теріс ықпалдар ақсатып отыр. Осы мәселе мені қатты толғандырады. Кеңес өкіметінің тұсында ислам дініне мән берілмеді.
Ишандар мен мақсұмдардың соңғы сарқытын көріп, дастархандас болдық. Олардың көп-шіліктің арасында өзін ұстауы ерекше еді. Әңгімелері де. Біздің өңірде Махмұт мақсұм деген ерекше сабырлы кісі болды. Сұрақ қоймасаң өздігінен әңгімеге араласпайтын. Сол кісі ислам дініне сеніп, сол дінді ұстанғаны үшін Сібірде 11 жыл түрмеде отырған. Сонда да алған бетінен қайтпаған. Мұндай жағдайлар өте көп. Тарихқа зер салсақ, Кеңес өкіметінің уақытында ишан, мақсұм болған 47 кісіні жинап, ату жазасына кескен екен. Барлығын тізіп қойып «Құдай бар ма, жоқ па?» деген сұрақ қойыпты. Сонда Құдай бар деп куәлік етіп, «Лә илләһә ил аллаһ» дегендерді атып тастаған. Қатардың ең соңында жас жігіт тұрған. Қасында тұрған қария әлгі жігіттің қолынан ұстап, «Балам, тым жас екенсің. Алла кешірімді. Есебін тауып аман қал. Мына сұмдықты ұрпаққа жеткіз», – депті. Әлгі жігітке де кезек келгенде, «Лә илләһә ил аллаһтың» қазақшасын «Алла біреу, одан басқа Егеміз» дегенді іштен айтып «Жоқ» дегенді ғана дауыстап айтып, аман қалған екен. Сонда да сол кісілер өзінің жолынан таймаған.
Әр адам алдымен өзін түзеуі керек. Өзіңнің таза ақылыңмен тура жолға түсуің үшін ислам дінінің қағидаларынан хабардар болуың керек. Исламда мынадай сөз бар. «Біздің ақылымыз «ақыл» деп аталады. Бірақ ақылға «нақыл» көмек беруі керек» деген. Нақыл дегеніміз шариғаттың қағидалары. Нақыл мен ақыл бір-біріне сүйеу болғанда ғана адам тура жолға түседі. Ол үшін іздену, оқу керек.
Біздің қоғам шынайылықтан ажыраңқырап кетті. Біз ұлттық құндылығымызды жоғалттық десек те болады. Тарихқа үңілсек, Қытай мен Үндістанды бірнеше ғасырлар бойы өзге мемлекеттер жаулап алған. Бірақ олар сонда да ұлттық құндылықтарын жоғалтпаған. Қытай құл болса да өздерінің ұлттық үрдісін бұзбай сақтаған. Олар қалай еркіндік алды, бірден алға шықты. Себебі әр ұлттың дамуы ұлттық үрдісінің үзілмеуімен тығыз байланысты.
Ел егемендігін алғаннан кейін, әсіресе тоқсаныншы жылдардан бастап мектеп оқушыларын дін өкілдерімен кездесу өткізіп, жан тазалығы, тәлім-тәрбие мәселесі төңірегінде танымдық шаралар көптеп өтетін. Сондай басқосуларда естігенінен бала бір сөз болса да жүректе сақтаса, ұлағатты болашағына ұстын қалыптасқан болар еді. Осы үрдісті неге жалғамасқа?

Абибулла ШЕР
18 мамыр 2022 ж. 347 0