№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сыр аумағындағы сапар

Сыр аумағындағы сапар


Аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлының ауылдарға іс-сапары Сыр беткейдегі елді мекендерге жалғасты. Аққорғаннан бастап, Байкенжеге дейін жеті округке жол салып, ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігін таразылап, мұң-мұқтажын, талап-тілектерін тыңдап, шешілу жолдарын саралады. Аудандағы жауапты сала басшылары, ардагерлер кеңесінің төрағасы, құқық қорғау саласы басшылары және депутаттар бастаған көш алдымен Түгіскен ауылының тұрғындарымен кездесіп, түйінді мәселелерін тыңдады.


Жалпы Сыр беткейде 11 ауылдық округ бар, бұл ауылдардың негізгі тіршілік көзі – егін және мал шаруа­шылығы. Әсіресе, ерте көктемнен кетпенін сайлап, ала жаздай тер төгіп, еңбек өнегесін өрнектеген диқандар­дың айтары көп.
Ағайынға сәлем беріп, батасын алуға, ұсыныс-тілегін тыңдауға барған аудан әкімі бірінші мезетте Прези­дент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баста­масымен Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу үшін жалпы­халықтық референдум өтетінін, жұрт­шылық болып осынау маңызды науқанға, елдің келешегі жолындағы қадамға белсенді қатысуға шақырды.
– Алда үлкен науқан келе жатыр, бұл ертеңіміздің еңселі, келешегіміздің кемел болуына бастайтын бағдар болуы тиіс. Референдум осы бағытта­ғы жоғымызды түгендеп, заңдарды қайта қалыптастырудың тетігі екенін ескеруіміз керек. Сондықтан саяси бағыттың бастауын бірге құрайық. Бұл бірінші мәселе, екіншіден, ауданға әкім болып келгеніме бір айдың көлемі болды. Ауыл-ауылды аралап, елдің айтарын, мұң-мұқтажын тыңдап, бірлесе шешудің жолын бастадық. Ең бастысы, елге адал қызмет ету ең басты қағидамыз болуға тиіс, – деді аудан басшысы.

Әли ТЕМІРБЕК

17 мамыр 2022 ж. 516 0