Мал азығын әзірлеудің тиімді жолы ұсынылды
Бүгін аудан әкімі Руслан Рүстемұлы Рүстемовтың қатысуымен Жаңақорған кенті "Ордакент" ардагерлер және жастар ресурстық орталығы ғимаратында барлық ауылдық округтерден келген ауылшаруашылық өнімін өндіруші, шаруашылық құрылым басшылары, сала ардагерлері, жауапты бөлім басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен жоңышқа шөбінің бағасын тұрақтандыру жөнінде келелі кеңес өтті.
Айта кету керек, осыған дейін аудан әкімінің бастамасымен осы мәселе жөнінде жұмысшы топ елді мекендерді аралап, зерделеу жұмыстарын жүргізіп келеді.
Осы мәселеге Манап ауылының тұрғыны, ардагер Қуанышбек ақсақал әлеуметтік желі арқылы өз Үндеуін жолдаған болатын. Үндеуге аудан әкімі Руслан Рүстемов жедел мән беріп, аталған кеңесті өткізді. Жан - жақты талқылаудың нәтижесінде ауданымыздың тау беткейіндегі мал азығын қажет ететін азаматтар сыр беткейіндегі елді мекендерге барып, табиғи шөп, қамыс әзірлеп, орып, жинап алуына жағдай жасалатындығы, сондай ақ, жантақ шөбін шауып алуына мүмкіндіктер бар. Бұл жөнінде аудан әкімінің жанындағы жұмысшы топқа кент, ауылдық округ әкімдерімен бірлесе жұмыс жасау тапсырылды.