№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Болашағы кемел елдімекен

Болашағы кемел елдімекен


Елді мекендердің жағдайын оңалту, ауыл халқының жақсы өмір сүруі үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін мүмкіндікті қолдан бермей ел игілігіне жұмсау – Мұрат Жолкелдіұлының бас­ты бастамаларының бірі. Міне, осы мақсатын бөлісіп, әрі елдің жағ­дайымен танысқысы келген аудан басшысы мен бөлім басшылары баста­ған делегация тұрғындармен кездесуді Қыраш ауылында қорытындылады.

Елдегі бірқатар мәселелер төңі­регінде халықпен ой бөліскен аудан басшысы ауылдағы бір-екі мәселенің шешілу жолдарын сөз етті.
Елді мекендегі 2009 жылы салынған спорт алаңын ретке келтіріп беруді сұраған ауыл жастарының ұсынысына Мұрат Жолкелдіұлы былайша жауап берді.
– Мемлекет басшысы биылғы жылды «Балалар жылына» арнады. Осыған байланысты тап осы Қыраш ауылында балалар алаңқайы мен үлкен кісілер де отырып демалатын, әрі спортпен шұғылданатын құрылғылары бар алаңды салып беруге уәде беремін, – деді.
Жақсы жаңалықты қуана қабылдаған жұрт еліміздің түбегейлі өзгеріс алдында тұрғанына сенді. Осылайша мектеп алдына жиналған ауылдықтардың барлық мәселелерін мұқият тыңдаған әкім ауыл болашағы үшін жасалатын және жасала беретін жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын таба­тындығын жеткізді. Жиынның қорытын­дысында ауыл ақсақалдары елдің амандығын тілеп, көпшілікке бата берді.

P.S: Бүгінгі сапар барысында Қаратау бөктерінде қоныс тепкен елді мекен жұрты аудан басшысының келіп, шаруаны шешіп, елмен етене болғанына ризашылығын білдіріп жатты. Ал біздер бес ауылдың тіршілігін жақсыға бағамдап қайттық. Елдің әлеуетін арттыру жолында мұндай сапардың нәтижесі болары анық.

Лаура БИБАСАРОВА
14 мамыр 2022 ж. 603 0