Кәсібінен нәсіп тапқан
«Қалауын тапсаң, қар жанар» деген тәмсіл бар дана қазақта. Жолын тапсаң, табыстың көзін де табасың. Осы ретте аудан тұрғындарына электротехниканың түр-түрін жеткізіп, заманауи тұрмыстық қажеттіліктерді көпшілікке ұсынып отырған кәсіп иесі – Мұхтар Сұлтанбекұлының да өз айтары бар.
Еңбек жолын мемлекеттік қызметтен бастаған кәсіпкер уақыт өте болшақта кәсіпкерліктің тасы өрге домалайтынын түсініп, осы салаға біржола ауысады. Алғашында аудандағы орталық базардың кішкентай дүңгішегінде сауда жасап, кейіннен орталықтан «Биқожа» атты тұрмыстық техникалар дүкенін ашады.
– Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы университеттің «экономика» факультетін бітіріп келген соң, еңбек жолымды Көктөбе ауылдық округінде маман болып бастадым. Кейіннен Қызылорда қаласына ауысып, кәсіпкерлік басқармасында бас маман болдым. Осы салада жүріп кәсіп ашуға деген ниет пайда болды. Өйткені кәсібі бар адам жерде қалмайтынын ұғындым, – дейді ол.
Иә, кәсіпкерлік жолды нарық заманындағы басты тетік санайтын кейіпкеріміз өзі айтқандай мемлекеттік қызметтің әр саласында абыроймен атқарған. Ол Көктөбе ауылынан кейін Қызылорда қаласының әкімдігінде жетекші маман, облыс әкімдігіне қарасты кәсіпкерлік басқармасында бас маман, аудандағы «КазПром» ЖШС-де сату бөлімінің маманы, Манап ауылдық округі әкімшілігенде маман, одан әрі аудандағы әк зауытының сату бөлімінде жұмыс жасады. Кейіннен Ахметбек Нұрсиланың «Бизнес бастау» атты 3 айлық курсын оқып, кәсіпкер болуға шешім қабылдайды.
– Адам тәуекелшіл болмаса бір орыннан жылжымайды. Мен бизнеспен айналысқалы осыны түсіндім. Біздің бойымызда бір істі бастауға бел бумайтын қасиетіміз бар. Болашағы қалай болар екен деп ойланып, тәуекелге бармаймыз. Қазақта «Нар тәуекел – ер ісі» деген сөз бар ғой. Адам тәуекелшіл болу керек, сол кезде бір нәтижеге жетеді деп ойлаймын. Адамның өзі еңбек етіп, өзінің жеке кәсібінен нәсібін тапқаны ең жақсы іс. Ешкімге тәуелсіз өз ісіңді жүргізе білу де өнер, – дейді кәсіпкер.
Бір айлық табысты емес, кәсіптен ешкімге тәуелсіз табыс тапқанды құп санайтын Мұхтар Сұлтанбекұлы болашақта балаларын да кәсіпкерлікке баулитынын тілге тиек етті.
Орталықтағы «Биқожа» дүкенінде заманауи үлгідегі техникалық құрал-жабдықтар, ұялы телефондар қолжетімді бағада. Әрі сервистік қызметті жолға қойған. Кәсіпкер енді тұрғындарға көмек көрсететін медициналық стационар ашу үшін жұмыстар жасап жатыр екен.
– Адам ешкімге тәуелсіз жұмыс жасағанда ғана нәтижеге жетеді, – дейді Мұхтар Биқожа.
Иә, бүгінгідей нарық заманында кәсіптің көзін тауып, оның тасын өрге домалату қып-қызыл еңбекпен келетін нәтиже. Ол үшін де күн-түнмен санаспай жұмыс жасау маңызды.
Айсұлу Алданазар