Сұлулық сыйлайтын салон
Мемлекет тарапынан көрсетілетін түрлі бағдарламалар арқылы қолдауға ие болып, түрлі бағытта кәсібін жандандырып жүрген жастар жетерлік және олар ел экономикасының дамуына да өзіндік үлестерін қосып келеді. Міне, осындай мемлекет қолдауының арқасында игі істерінен нәтиже шығарып, өзін де өзгені де жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген жас кәсіпкер, «Аkbope» сән салонының иесі Ақбөпе Алмасқызы.
Жиырмадан енді асқан бойжеткеннің өзгеге алақан жаймай, ата-анаға салмақ салмай нарық заманында кәсіп көзін тауып, одан ырыс-несібесін көріп отырғаны қуантарлық жайт. Қызбаланың әдемілікке деген құмарлығы табиғатымыздан бар. Содан болар сән мен сұлулық әлеміне кішкентайынан жақын өскен кейіпкеріміз сән салонын өткен жылдың қаңтар айында ашып, ел игілігі үшін қызметін бастап кеткен еді.
– Он жеті жасымнан осы саланың қыр-сырын меңгеріп келемін. Сән әлеміндегі танымал визажист Гаухар Жазыбаевадан тәжірибе жинап, осы тәлімгерімнің салонында бір жарым жылдай жұмыс істедім. Уақыт өте келе Шымкент қаласынан филиалын ашып, ең мықты деген мамандарын сонда жіберді. Қатарында мен де болдым. Кейіннен туған жерім Жаңақорғаннан неге сән салонын ашпасқа деген ой келді. Содан жолдарын қарастырып, нәтижесінде «Бастау Бизнес» бағдарламасы аясында кәсіпкерлік курсын тәмамдап, қайтарымсыз грант иегері атандым. Осылайша алғашқы жұмысымды бастап кеттім. Басында қиындықтар болды. Алайда «Еңбектің көзін тапсаң, байлықтың өзін табасың» дегендей еңбек пен ізденістен еш шаршамау керектігін түсіндім, – дейді жас кәсіпкер.
Кейіпкеріміз Жаңақорғанда туылғанымен, өсіп-өнген жері Алматы қаласы. Төрт жасына дейін осында тұрып, ата-анасының қызметіне байланысты әсем қала Алматыға көшкенін әңгіме барысында білдік. Туған жерге деген сағынышы болар жыраққа кетпей, кіндік қаны тамған жерде еңбек етуді мақсат етіпті. Шаштаразға қажетті құрал-жабдықтар мен ұсақ-түйекке дейін үйлесімділікпен орналасқан салонда тоғыз қызметкер жұмыс істейді. Мұнда аудан халқына шаш қию, оны сәндеу, жуу мен кептіру және түрлі үлгіде шашты бояумен қоса, маникюр, педикюр мен қасқа, кірпікке қажетті қызмет түрінің бәрі көрсетіледі. Бүгінде сапалы қызмет көрсету мен іскер, еңбекқор қыз-жігіттерінің арқасындатұтынушылары да жетерлік.
– Мамандардың бәрі өз ісінің шебері. Тәжірибелері мол. Клиенттерді өз уақытысында қабылдап, көңілінен шығу біз үшін бірінші орында. Жұмысыңды шын ниетіңмен істесең ғана кәсібің берекелі болады. Бастысы санға емес, сапаға жұмыс істейтінімізге тұрғындар үйренген. Басқа салондарға қарағанда көрсетілетін қызмет түрінің сәл де болса қымбат болуы сапалы косметика қолдануымызда. Арзан бояулар бет терісін зақымдаса, екіншіден, оны қалпына келтіру қиынға түседі. Сондықтан мен мамандарыма әрдайым сапалы бояу мен сапалы қызмет көрсетуді айтып отырамын, – дейді Ақбөпе Кеңес.
Осы салонды ашып жұмыс бастағалы шәкірт оқытуды қолға алған жас кәсіпкер «Базовый» және «Сам себе визажист» курсын оқытып 70-ке жуық қызға сән әлемінен сыр шерткен. Курс бағалары да қалтаға қонымды екенін айтты. Әр мейрам сайын тұрғындарға жеңілдік пен тегін қызмет түрлерін де ұсынып тұруды әдетке айналдырған сән салоны карантин кезінде тұрғындар жағдайын ойлап, бағаны әдеттегіден түсірген. Бұл да болса Ақбөпенің өз ісіне деген адалдығы мен махаббатынан туындаған дүние.
–Бүгінде ауданда шағын және орта бизнес ашамын деген адамға мүмкіндік көп. Кәсібінің көзін тауып, одан әрі дамытып мол табысқа кенеліп жатқандар да баршылық. «Еңбегіне қарай өнбегі» демекші, Ақбөпе жас та болса, үлкен істі бастаған аудандағы ең жас кәсіпкер. Еңбекқорлығының нәтижесінде кәсібінен нәсіп көріп отырған жанның бұл ісі көпке үлгі, – дейді аудандық жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Жаңабек Тұрлыбеков.
Кішкентайынан алдына қойған мақсатқа жетпей қоймайтын қасиетін сөзінен аңғартқан оның арманы бет күтіміне байланысты косметология қызметін көрсететін салон ашу. Осы жолда кейіпкеріміздің бастамасына сәттілік тілеп, еңбегінің көркейе беруіне тілекші екенімізді білдірдік.
Лаура БИБАСАРОВА