» » Дау адвокаттардың жәрдемдесуімен реттелді

Дау адвокаттардың жәрдемдесуімен реттелді

Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы Ж., жауапкер И-дан 350 000 теңге қарыз ақша өндіру туралы талап қоюымен жүгінген.
Істі сотта қарау барысында судья дауласушы тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу құқықтарын түсіндірді.
Тараптар дауды адвокаттардың жәрдемдесуімен партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге ниет білдірді.
Партисипативтік рәсім кезінде дауды реттеу тараптар мен олардың адвокаттары А.Сансызбаев пен Ә.Оңласбековтің жәрдемдесулерімен жүзеге асырылды.
Партисиптивтік рәсім тараптардың татуласуы бойынша олардың мүдделерін ескере отырып, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жасалған партисипативтік келісім бойынша жауапкер И., талап қоюшы Ж-ға 384 869 теңге көлеміндегі қарыз ақшаны 2022 жылдың наурыз айынан бастап ай-сайын 50 000 теңгеден өтеуге міндеттенді және талап қоюшы Ж., қарыз ақша өндіру жайлы талабынан бас тартты.
Осыған орай, аудандық соттың ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Билердің «Дау мұраты-бітім» ұстанымын бүгінгінің соттары жоғары деңгейде жалғастыруда. Олай дейтініміз, дауласушы тараптардың басым көпшілігі татуластыру рәсімдерін естіп-біліп, өз істерінің осы заң аясында бітуіне мүдделілік танытуда.
Осылайша тараптар істі партисипативтік келісімі арқылы реттеп, ұзақ уақытқа созылатын сот процестерінен құтылып, уақыттарын, қаражаттарын және бір-біріне деген бұрынғы қарым-қатынастарын сақтап қалды.
Енді бұл жоғарыда аталған татуластыру рәсімдерінің қажеттілігі мен тиімділігін аңғартса керек.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
03 наурыз 2022 ж. 327 0