ДАУ ПАРТИСИПАТИВТІК РӘСІМ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ
Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы Е-ның жауапкерлер Ә мен М-дан отбасы мүшелерімен тұрғын үйден басқа тұрғын үй-жай берместен мәжбүрлеп шығару туралы талабымен азаматтық іс қаралды.
Істі сотта қарауға әзірлік барысында судья дауласушы тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу құқықтарын түсіндірді.
Тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге ниет білдірді.
Партисипативтік рәсім кезінде дауды реттеу тараптар мен олардың адвокаттарының жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Партисиптивтік рәсім тараптардың татуласуы бойынша олардың мүдделерін ескере отырып, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жасалған партисипативтік келісім бойынша талап қоюшы жауапкерлерді отбасы мүшелерімен тұрғын үйден басқа тұрғын үй-жай берместен мәжбүрлеп шығару туралы талабынан бас тартты.
Ал жауапкерлер отбасымен бірге аталған тұрғын үйден 10 күннің ішінде босатып беруге міндеттенеді.
Осыған орай, аудандық соттың ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі