№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Дау партисипативтік рәсім тәртібімен реттелді

Жаңақорған аудандық сотында талап қоюшы Қ-ның жауапкер А-дан Ортақ мүлік болып табылатын жылжымайтын мүліктен, одан ақшалай үлесін анықтап, оны бөлуді және қарсы талап қоюшы А-ның жауапкер Қ-ға ортақ борышты бөлу туралы талабымен азаматтық іс қаралды.
Істі сотта қарауға әзірлік барысында судья дауласушы тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу құқықтарын түсіндірді.
Тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге ниет білдірді.
Партисипативтік рәсім кезінде дауды реттеу тараптар мен олардың адвокаттарының жәрдемдесуімен жүзеге асырылады.
Партисиптивтік рәсім тараптардың татуласуы бойынша олардың мүдделерін ескере отырып, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жасалған партисипативтік келісім бойынша талап қоюшы Қ., жауапкер А., ортақ мүлікті бөлу жайлы талабынан бас тартады және жауапкер А., талап қоюшы Қ., 2021 жылдың желтоқсан айына дейін құны 5000000 теңге құрайтын тұрғын үй салып беруге немесе 5000000 теңгені талап қоюшы Қ-ның пайдасына өндіруге міндеттенді, ал қарсы талап қоюшы А., жауапкер Қ., ортақ борышты бөлу талап қою арызынан бас тартты.
Осыған орай, аудандық соттың ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
18 мамыр 2021 ж. 695 0