ДАУ ПАРТИСИПАТИВТІК РӘСІМ ТӘРТІБІМЕН РЕТТЕЛДІ
Жаңақорған аудандық сотына талап қоюшы С., жауапкер У-дан 720 000 теңге қарыз ақша өндіру туралы талап қоюымен жүгінген.
Істі сотта қарау барысында судья дауласушы тараптарға дауды бейбіт жолмен реттеу құқықтарын түсіндірді.
Тараптар дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеуге ниет білдірді.
Партисипативтік рәсім кезінде дауды реттеу тараптар мен олардың адвокаттары А.Сансызбаев пен Ә.Оңласбековтің жәрдемдесулерімен жүзеге асырылды.
Партисиптивтік рәсім тараптардың татуласуы бойынша олардың мүдделерін ескере отырып, салмақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Жасалған партисипативтік келісім бойынша жауапкер Г., талап қоюшы С-ға 720 000 теңге көлеміндегі қарыз ақшаны 2022 жылдың 20-шы қаңтарынан бастап 20-шы наурыз аралығында ай-сайын 10 000 теңгеден, 2022 жылдың сәуір айынан бастап, 2025 жылдың ақпан айының 20-на дейін 20 000 теңгеден, 2025 жылдың 20-шы наурызына дейін 10 000 теңге өтеуге міндеттенді және талап қоюшы С., қарыз ақша өндіру жайлы талабынан бас тарттты.
Осыған орай, аудандық соттың ұйғарымымен дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.