№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өнер ордасы өрендер игілігіне

Өнер ордасы өрендер игілігіне


Биылғы балалар жылы қарсаңында игі істің бастамасы ретінде аудан орталығында тағы бір өнер ордасы ашылды. Жеті түрлі өнерді дәріптеп, жас өскіндерге тәлім беретін руханият орталықтың тұсауы кесілді. «Тұрғанбай» деп аталатын өнер үйінің салтанатты ашылуына аудан әкімі Руслан Рүстемұлы бастаған аудандағы ардагер ағалар тобы арнайы қатысып, ізгі тілегін жеткізді.


Қарт Қаратаудың құт қонған қойнауы әсем табиғатқа, киелі жерлерге ғана емес, өрісі кең өнерден де кенде емес. Оған Жаңақорғаннан шыққан мәдени­ет майталмандарының көптігі дәлел. Кешегі Құлан Алдабергенов, Манап Көкенов, Бексұлтан Байкенжеев және өзге де өнер адамдарының ізі қалған шаңырақта бүгінде мәдениеттің ошағын маздатып жүрген жандар аз емес. Сол аға буын мен жастардың ізінен еретін өрендердің өрісін кеңейту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылуда. Соның бірі жақында ел иігілігіне берілген үйірме үйі.
– Жалпы халқымыз бала тәрбиесіне айрықша мән бергені мәлім. Өйткені елдің ертеңін, кемел келешегін қа­лыптастыратын ізімізден ерген ұрпақ. «Ерім деген жұртым болмаса, елім деген ұл қайдан шықсын» демекші, баланы заманауи біліммен сусындатып қоймай, оның бойына өнерді, мәдениет пен руханиятты сіңіру бүгінгінің басты талабы. Біз өзіміздің дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, ата салтымызды осы өнер арқылы, бала тәрбиесі арқылы ғана сақтап қала аламыз. Әсіресе, бабадан қалған асыл мұрамыз – саз аспаптары үнін бала бойына дарыта отырып, дәріптесек бұл біздің үлкен жетістігіміз болар еді. Сондықтан, игі дәстүрді жалғап, шағын кәсібін ашқан ерлі-зайыпты Ербол Билалов пен Индира Увайдаеваның ісіне Жаратқан өзі жар болсын дегіміз келеді. Бұл өнер ордасынан елдің мәдениетін әлемге танытатын өнерпаздар шыға берсін! – деп аудан басшысы жылы лебізін білдірді.
Ашылу салтанатына арнайы келген ел ағалары тілектестігін білдіріп, ғимаратты аралап көрді. Жаңа нысан заманға сай жасақталған. Әр бөлімде өзіне сай құрал-жабдықтары бар. Енді ғана өнер ұясының есігін қаққан балғындардың алды сурет салудың шеберіне айналып келеді. Ал, келесі ретте мектеп жасына жетпеген балдырғандардың әдемі биіне сүйсіндік.

– Біз өнер ордасын мемлекеттік спорт және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру платформасы аясында аштық. Мақсатымыз – балалардың бос уақытын тиімді пайдалана отырып, олардың шығармашылығын шыңдау, өнерге баулу болатын. Әзірге 100 бала қабылданды, оқушы саны толығып жатса екі ауысымға көшеміз. Бастапқыда жеті үйірме іске қосылса, бірер күнде вокал үйірмесі қатарға қосылады. Қазір 10 қызметкер жұмыспен қамтылды, – деді Индира.

Сыйымдылығы 340 балаға арналған «Тұрғанбай» өнер мектебінде ұлттық билер, домбыра, домбырамен ән салу, көркемсөз оқу, актерлық өнер, қолөнер, сурет салу үйірмелері бойынша жас дарындарға дәріс берілетін болады.

– Қызымызды сурет салу үйірмесіне бердік. Қадамы жақсы, қолына қалам алғаннан апайлары сан-қырлы бейнелерді салуға үйретуде. Сабақтан соң балалар телефонға телмірмей, осындай шығармашылыққа бет бұрса құба-құп, – деді Айгүл Абибуллаева.

Иә, қазір сабақтан соң ойын ба­ласының қолынан тек смартфон түс­пейтін болды. Енді ата-ана баласын шығармашыл ортаға не болмаса спорт­қа баулыса телефоннан да пайдалы іс болар еді.
Өнер – елдің мұрасы, рухани азығы. Ғасырлардан ғасырларға жалғасып келе жатқан көне салт-дәстүрлеріміз жыл өткен сайын қайта жаңғырып, мәдениетіміздің мерейі өсіп, төл өнеріміз талай тұғырларды бағындыруы қуантады. Келешекте осы шығармашылық ордадан өнердің төрінде жүретін таланттылар шыңдала берсін деген тілектеміз.жаңақорғандықтар рахметін жеткізіп, табыс тілеп жатты.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
10 наурыз 2022 ж. 282 0