Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Lisei көкжиегі» – мектеп айнасы

«Lisei көкжиегі» – мектеп айнасы


«Алты алаштың басы қосылса, төр – ұстаздікі» – демекші, парасатты ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп, өзінің білген-түйгенін өзгенің бойына сіңіруде мұғалімдердің алар орны қашанда биік. Осы орайда ауданда алғашқы болып №110 мектеп-лицейі ұстаздардың жемісті еңбегі мен шәкірттердің жетістігін жариялайтын журнал шығаруды қолға алды. Жиырма беттен тұратын «Lisei көкжиегі» журналының алғашқы саны жүз дана болып жарық көрді.


Мектеп басшысының сөзінше, жур­налды шығарудағы басты себеп ұс­таздар мен оқушылардың жетістігін жариялап, шәкірттердің ізденісі мен білімге деген құштарлығын ояту. Өйткені қатарластарының журнал бетінде жа­рияланғанын көрген жеткіншек өзі де сол жетістікке жетуге тырысары анық.
– Тәуелсіз мемлекетімізді төрткүл дүниеге паш ететін ғылым мен білім екені анық. Осы ретте мектепішілік үнжариямыздың алғашқы нөмірінде бі­лімге сара жол салған, ұлттық құнды­лық пен ақпараттық технологиялар ғасырында бәсекеге қабілетті ұрпақ даярлаудың даңғыл жолына түскен білім ордасының тыныс-тіршілігімен таныстырып, мұғалім, шәкірт, ата-ана арасындағы байланыс негізінде жеткен жетістігіміздің нәтижесін көрсетуге ты­рыстық. Журнал шығарудағы басты мақсатымыз – ұстаздар мен қатар оқу­шылардың да ой-өріс көкжиегін кең­ейтіп, білім-ғылымға, өнерге, спортқа қызығушылығын арттыру, – дейді мек­теп директоры Әділмырза Тәждинов.
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Адамға тіл, құлақ қандай керек болса, білім де сондай керек» деп айтқандай, білімдінің бағындырар белесі биік. Осыны ескерген мектеп басшылығы мектеп тарихынан сыр шертетін басылымды шығарып отыр. Түрлі-түсті бояулармен нақышталған аталмыш басылым әр тоқсанда бір рет, яғни жылына төрт рет жарық көреді.
Аталмыш оқу ошағы ауданда лицей статусын иемденген жалғыз мектеп. Бағытын білімге негіздеген №110 мектеп-лицейі соңғы бес жылдықта ғылыми жобалар бойынша жетістіктерге жетіп жүр. Еңсесі биік, сәулеті жарасқан алтын ұяда 1596 оқушы білім алуда. Білім ошағы тәрбие беру бағытында «Шаңырақ» бағдарламасын басымдыққа алып отыр. Нақтырақ айтқанда, 100 кітап, 100 ән, тұлғатану, әлеуметтік жағдайлар мен тарихи-мәдени орындарды зерттеу бойынша жұмыстар жасалуда. Мектепте домбыра, ән, би сыныптары мен спорт­тық үйірмелер бар. Сонымен қатар мектептің жеті сыныбында оқитын 167 оқушыға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары 1500 сағат дәріс оқиды. Жалпы оқу ордасында 77 сынып бар. Оған 186 ұстаз мазмұнды білім беруде. Олардың 11-і жоғары санатты, 19-ы І-санатты, 24-і ІІ-санатты ұстаздар болса, 18-і «педагог-зерттеуші», 30-ы «педагог-сарапшы», 20-сы педагог-модератор, 39-ы «педагог» біліктілігін алған.

P.S.: «Ұстаз болу – өз уақытыңды аямау, өзгенің уақытын аялау», – демек­ші, оқушыларды білім нәрімен сусын­дату бір бөлек, шәкірттің жетістіктері­мен мақтанатын ұстаз мерейі қашан­да жоғары. Осы ретте «Lisei көкжиегі» журналы шәкірттерге естелік болса, мектеп кітапханасының қорына қосылып, білім ордасының тарихына қатталары сөзсіз.

Айсұлу АЛДАНАЗАР
05 ақпан 2022 ж. 595 0