№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ МИНИСТР БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ МИНИСТР БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ



Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметінің жаңа құрамын бекітті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысып, Конституцияның 44-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына тағайындауға келісім беру үшін Асқар Маминнің кандидатурасын ұсынды.

– Ол жұмыс істеген жылдары өзіне сеніп тапсырылған қызметтерде нақты нәтижелерге қол жеткізді. Асқар Ұзақбайұлы өзін тәжірибелі менеджер ретінде көрсетті. Жаңа Үкіметтің тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін Асқар Ұзақбайұлы Маминнің кандидатурасын лайықты деп санаймын, – деді Елбасы.

Парламент Мәжілісінің депутаттары Премьер-Министр лауазымына Асқар Маминнің кандидатурасын бірауыздан мақұлдады.

Одан кейін Ақорданың ресми сайтында үкіметтің мүшелері жөнінде ақпарат беріле бастады. Су жаңа министрлер қатарында Бердібек Сапарбаев та бар. Ол  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

Айта кететіні, Бердібек Машбекұлы 2007-2009 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды.

Соңғы кездердегі Астана қаласы мен өңірлердегі көп балалы аналардың әлеуметтік жағдайына байланысты шағымдануы салаға іскер, беделді, белсенді басшыны қажет еткені анық. Сондықтан, Президент Бердібек Сапарбаевты жауапты салаға бекітті.

Енді әлеуметтің әлеуетіне жауапты саланы тізгіндеген Бердібек Сапарбаевқа қызметте сәттілік тілейміз!   


25 ақпан 2019 ж. 1 130 0