Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 56

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жылжабар: Марапатпен мерейленген мезет

Жылжабар: Марапатпен мерейленген мезет


2021 жылды қорытындылаған салтанатты кеште әр салада табысты еңбек еткен азаматтар марапат биігіне шығарылып, құрмет көрсетілді. Олардың бірқатарында «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» мерекелік төсбелгісі мен «Халық алғысы» медалі табыс етілді.


– Әр жылды шығарып саларда өткенді ой елегінен өткізіп, ерекше оқиғаларды еске алып, жаңа жоспар құрамыз. 2021 жыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп, берекелі, мерекелі жыл ретінде салтанат құрды.
Өздеріңіз білетіндей, пандемия салдарынан әлемдік қауымдастық экономикалық дағдарысқа бетпе-бет келді. Барлық салада адамдар үйреншікті өмір салтын бұзды. Солай бола тұра біз жақсылықтан күдер үзбей, алдымызды бағдарлап, жүйелі жұмыс жүргізе білдік, – деді аудан әкімі Руслан Рүстемұлы.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық шежіресінде Жаңақорған ауданының өзіндік биігі қалыптасып, жарқын істерімен, байыпты бастамалар орындалды. Осы жолда өзіндік еңбегі сіңген азаматтар бар. Солар мерекелік медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков, айтыскер ақын Әбілхайыр Сыздықов, «Нұрбол-И» шаруа қожалығының төрағасы Ізатулла Үсенов, «Сұңқар» шаруашылығының төрағасы Құлмағанбет Исаханов, кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Қаржыбек Бүркітбаев пен орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы Ниязхан Мұханов, құрылыс саласының ардагері Халмұханбет Тәжіқұлов пен құқық қорғау саласының ардагері Төребай Сапарбаев ерекшеленді.
Президент Жарлығына сәйкес «Халық алғысы» медалімен аудан әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Шерхан Әшімов, аудандық аурухана бас дәрігерінің аудит және пациентті қолдау жөніндегі орынбасары Асқан Отарбеков, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Берікбай Омаров, аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Айбол Жолдасбаев, «СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры Ернұр Қожамбердиев, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров марапатталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Серік Ушатов, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен «Миялы» ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрағасы Абдулла Әбсаттаров, «Арай» шаруа қожалығының төрағасы Мейрамбек Асенов, «Дәуіржан» шаруа қожалығының төрағасы Абдрахман Сапарбаев, «Ынтымақ» шаруа қожалығының төрағасы Берік Шайдаров марапат биігінен көрінді. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрілігінің «Құрмет грамотасымен» аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Абдрахманұлы, Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Құрмет грамотасымен» «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалының төрағасы Изатулла Нәрзілдаев марапатталды.
Облыс әкімінің «Алғыс хатын» құқық қорғау саласының ардагері Әлібек Сүгірбаев, білім саласының ардагері Серік Мұсабай, мемлекеттік қызмет саласының ардагері Серхожа Ыдырысов, су шаруашылығы саласының ардагері Жұмабек Қосдәуіров, ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев, Манап Көкенов атындағы Жаңақорған аудандық мәдениет үйінің директоры Зулфия Шалабаева, Байкенже ауылдық округінің әкімі Нұрғали Оспанов, Жаңақорған кентінің әкімі Сардармухамедуали Садықов және Жаманбай батыр ауылдық округінің әкімі Әлібек Абдуллаевтың еңбегі еленіп, мерейі тасыды.
Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Жаңақорған аудандық бөлімінің басшысы Алия Абылаева, Жаңақорған аудандық «Сушар» өндірістік учаскесінің басшысы Әбдімәжит Ахметов, «Қазақтелеком» АҚ Жаңақорған аудандық желілік техникалық цехының басшысы Зейнулла Өрғараев марапатталды.
Жылжабар сәтте марапатпен мерейленген мезетке куә болдық. Яғни ауданның өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтарға лайықты деңгейде құрмет көрсетілді.

Әсел РЗАЕВА
01 қаңтар 2022 ж. 259 0