№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәңгілігін мәнерлеген Елбасы

Мәңгілігін мәнерлеген Елбасы


«Тарихты тұлғалар жасайды». Ұлағатты сөз. Иә, қанша уақыт өтсе де, ұлттың даму жолында тарихи жауапкершілікті мойнына алатын тұлғалар болады. Бұл ретте, Егемен Қазақстанның негізін салудың және нығайтудың тарихи миссиясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мойнына жүктелді. Бұл күн – 1 желтоқсанға тұспа-тұс келді. Сондықтан 1 желтоқсанды Тұңғыш Президент күні ретінде мерекелеп келеміз. Осындай салтанатты шара М.Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде өрбіді. Айта кететіні, салтанатты шара қауіпсіздік ережелері қатаң сақталып өткізілді.


Мерекелік шарада тебірене сөйлеген аудан басшысы Руслан Рүстемов:
– Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назар­баев халықаралық қауымдастықтың құр­метіне бөленген, ғаламдық баста­маларды жүзеге асырған бірегей тұлға. Оның сындарлы саясаты жүйелі іске асуының арқасында еліміз өркениет кө­шінде лайықты орнын алды. Елбасын құрметтеу – елді құрметтеу... – деді.
1991 жылдың 1 желтоқсан Қазақстан тарихындағы мәртебелі күннің бірі. Себебі Тәуелсіз елдің бағыт-бағдары айқындалып, халық сайлау арқылы өзінің тұңғыш Президентін таңдады. Осы күні тарихи жауапкершілікті арқалаған Нұрсұлтан Әбішұлы өркениет көшіне бастады. Сол қастерлі күннен бастап ел алдында берген антына адал болып, тың бастамалар, жаңа бетбұрыстарды іске асырды. Халықаралық ұйымдарға мүше болып, биік мінберлерде ашық ойын айтып, бейбітшілікті қолдайтын ұстанымын көрсетті. Ядролық қарудан бас тартып, діни конфессиялардың бірегей диалогын құрып, ұлтаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастыра білді. Елбасының осындай дарын-болмысы мен қабілет-қасиетін әлем жұрты танып, Қазақстанның абыройы асқақтай түсті.
Шара барысында аудан әкімі Руслан Рүстемов түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген азаматтарды ма­рапат биігіне шақырып, құрмет көрсетті. Атап айтқанда, Мәжит Жанайұлы, Сәбит Әбжап­парұлы, Өмірбек Жұмабекұлы, Сымбат Бақытханқызы, Мұхтар Әбдімәу­ленұлы, Елдос Ноғайбекұлы, Назерке Бақытжанқызы, Кеңес Жұмахан, Нұрғиса Тана­байұлы аудан әкімінің «Алғыс ха­тымен» марапатталды.
Ал түрік ұлтының өкілі, еркін күрестен белгілі бапкер Илман Изатовқа «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» мерекелік медалі табысталды. Ауылшаруашылығы сала­сын­да өзіндік ізі бар Рақымбаба Құтыбаев пен Наятулла Қарақожаевқа Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің «Құрмет грамотасы» берілді.
Шара барысында Машбек Нәлібаев ауылдық округі әкімдігінің бас маманы Тәжібек Маратұлы Қазақстан халқына адал қызмет ететіні жөнінде салтанатты түрде ант берді.
Мерекелік кеш соңы өнерпаздар ұсын­ған концерттік бағ­дар­ламаға ұласты. Бауыржан Есебаевтың орындаған «Менің Елбасым», Медет Салықовтың «Отаным – Қазақ елі», Сайран Ділманов пен Кенже Әкімбаеваның «Сыр елі» әні көрермендерді тебірентпей қоймады. Дәстүрлі әнші Мұхтар Дәрібаев пен Көкен Өскенбайдың көмейінен төгілген жырлар талғампаз көрерменнің көңілінен шыққаны анық.
Мерекелік шарада мерейі тасыған Наятулла Қарақожаев: «Елбасы – елдің жүгін көтеріп, тарихи шешімдер шығарып, өркендеудің даңғыл жолына салды. Оның өмірбаяны мен еңбек жолы жастарға үлгі-өнеге. Елбасына деген құрметім шексіз, – дейді шат-шадыман көңілін жасыра алмай.

Мақпал МАРҚАБАЙ
01 желтоқсан 2020 ж. 603 0