СОТ ҚЫЗМЕТКЕРІ МАРАПАТ ТӨРІНДЕ
Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы құрметіне орай Жаңақорған аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Бибайым Әшімқызы Нәлібаева «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.
Жаңақорған ауданының орталық алаңында Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Өткен іс-шарада аудан әкімі Р.Рүстемов құттықтау сөз сөйлеп, барлық жиынға қатысушыларға еңбектері мен ел тәуелсіздігін нығайтуға қосқан тікелей үлестері үшін алғыс айтып, дипломдар мен медальдарды салтанатты түрде табыс етті.
Өз өмірінің жартысынан көбін сот саласының жұмысына арнаған Бибайым Әшімқызы білімді ғана емес, өз ісінің кәсіби білгірі. Сондықтан да осы уақыт аралығындағы еткен еңбегі елеусіз қалған жоқ. Мерейлі мемлекеттік марапат өз иесін тауып отыр.
Аудандық сот ұжымы марапат иесін шын жүректен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметіне абырой, табыс тілейді.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі