Соңғы жаңалықтар

«СКЗ-U» ЖШС – Алтын жүлде иегері

05 желтоқсан 2025 ж. 1 155

№93 (8907) 6

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » «Алтын жұлдыз» Сұлтанмахмұдта

«Алтын жұлдыз» Сұлтанмахмұдта


Алматы шаһарынан сүйінші хабар жетті. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – Туымыз, тәубе! – деген жырымыз» Республикалық жыр-күй жасөспірімдер мен жастар арасында өткен байқауда Сұлтанмахмұд Төлеген «бас жүлдені» және Алтын жұлдызды иемденді.


№110 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Сұлтанмахмұд Абайұлы соңғы жылдары жұлдызы жанып, республикалық, халықаралық дең­гейде өткен өнер байқауларында жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр.
Бұл жолы 150-ден астам жас өнерпаз хореография, вокал, көр­кемсөз оқу және домбыра номи­нациясы бойынша сынға түсті. Вокал номинациясы бойынша 36 жасөспірім бақ сынады. Онда ал­ғашқы күні Сұлтанмахмұд әнші, ақын, композитор Жаяу Мұсаның «Ақ си­сасын» ерекше шабытпен орындап, ақтық сынға жолдама алады. Екінші күні халық әні «Дайдидауды» орын­дайды. Жас өнерпаздың бұл әні әділ қазы алқасының көңілінен шықса керек-ті, әнді екінші рет орындауды ұсынады. Сұлтанмахмұд бұл жолы «Майра» продюсерлік орталығының жетекшісі Майра Ілиясовамен қо­сылып шырқады. Мұндай қолдауға кез келген өнерпаз жете бермейтіні анық.
Байқау қорытындысы бойынша Сұлтанмахмұд жүзден жүйрік атанып, «Алтын жұлдыз» статуеткасымен ма­ра­патталды.
– Дана халқымыздың «Бұлақ көр­сең көзін аш» деп айтқанындай, Сұлтанмахмұдтың талантын ашып, өнер өлкесінде танымал болуына оған вокал бойынша тәлім беріп, жетекшілік жасап жүрген Қызылорда музыкалық колледжінің оқытушысы Перуза Арғынбаеваға, баламның бай­рақты байқаулардан қалмай қа­тысуына мүмкіндік жасап жүрген лицей директоры Әділмырза Таж­динов мырзаға алғысымыз шексіз, – дейді оның әкесі Абай Төлегенұлы.
Өнер көгіне қанат қаққан Сұл­танмахмұдқа халықтың мақтаны­шы­на айнала бергей, алар асуың мен шы­ғар биігің көп болсын дегіміз келеді.

Ерубай ҚАЛДЫБЕК,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

21 желтоқсан 2021 ж. 388 0