№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік тартуы: Газдандыру өмір сүру салтын жеңілдетті

Тәуелсіздік тартуы: Газдандыру өмір сүру салтын жеңілдетті



2015 жыл. Қара күз. Жаңақорғандықтардың жүзінде ерекше жылылық, шаттық байқалады. Неге десеңіз, ғасыр ғаламатына баланған газдың іске қосылуын асыға күтіп тұрды. Иә, бұл жайында ауданның төл газетінің сарғайған беттерінен оқуға болады.
Басылым бағалағандай, тарихи оқиғаға сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Көшербаев ортақтасып, көгілдір отынды пайдалануға берді. Газдандыру жұмысы әлеуметтік тұрмыс-тіршілікті жеңілдетті. Қазір қай үйге бас сұқсаңыз да газ, су, бәрі үйдің ішінде. Бұрынғыдай шелектеп су тасып күйелеш-күйелеш болып көмір жағып жүргендер сирек. Бұл да тәуелсіздіктің жемісі.
Газдандыру жұмысы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан тарту арқылы жүргізді. Жалпы, Жаңақорған кентін газдандыру құрылысына 3 млрд. 48 млн. 465 мың теңге қарастырылды. Кенттегі 5300 үйді газдандыру үшін ұзындығы 283 шақырымға құбыр қазылды. Сондай-ақ, кентішілік екі дана газ тарату пункті мен 27 шкафтік газ тарату пункті орнатылды.
Жаңақорған кентінің тұрғындары газ келгенде сенбеген еді, бірақ кейіннен бөркін аспанға лақтырды. Отын шауып, күл шығарудан, ыс пен түтіннен құтылдық деп мәз-мейрам болысты. Сәті түсіп, тұрғын Ұлжан Жакипованың пікірін сұрадық.
– Газдандыру жұмысы жүргізілемін дегенше көмір жағатынбыз. Оның жылуы толық жете бермейтін. Түнде салған отын таңға дейін тұрмайды. Үй суып кететін. Біз қызметтегі адамдар болғандықтан жұмыстан үйге келем дегенше жылуы жоқ үй азынап тұратын. Қазір ғой еліміз күннен-күнге жаңа жетістіктерге жетіп жатыр. Үй суып кетеді-ау деп алаңдамауға, жұмыста да еркін жүруге болады. Келіндердің де жұмысы жеңілдеді. Қырымбек Көшербаев келіп, газдандыру жұмысын жүргізіп берді. Әдепкіде газдандыруға халық сенбеді, өтірік деп бір жылдай жүрді. Содан кейін бәрі газдың рахатын көріп отыр ғой, – дейді зейнеткер апамыз.
Аудан орталығынан басқа да елді мекендердегі халықтың өмір мен тұрмыс жағдайын, сондай-ақ, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға және газдандыру саясатын жүргізу мақсатында жобалар әзірленуде.
Табиғи газ – ең экологиялық таза отын түрі. Оған тек экономиканың дамуы ғана емес, еліміздің тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі, өмір сүру сапасы, жайлылық деңгейі де тәуелді. Осы тұрғыда газбен жабдықтау желісін кеңейту елеулі әлеуметтік және экономикалық маңызға ие, сондай-ақ, газдандырылған елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артады.
Жаңақорған кентінің тұрғындарының көгілдір отынның игілігін көріп отырғанына алтыншы жыл. Енді Ақүйік пен Қыраш ауылдық округінің тұрғындары да отын шауып, көмір түсіріп, күл шығару машақатынан құтылатын күн жақын. Сондай-ақ, Шалқия, Құттықожа, Жайылма, Кейден елді мекенін газдандыру үшін құжаттамалық жұмысы жүруде. Төменарық аймағындағы бес елді мекеннің тұрғындарының үміті орындалатын уақыты жақын.
Ал ел ертеңі жаңалыққа жаны құмар, жақсылық қанында бар жастардың қолында. Білім, саясат, өнер, спорт және т.б салада прогрессшіл жастардың орны бөлек.
30 жылда жеткен жетістігіміз де аз емес. Дегенмен бір жолда тоқтамай, үнемі дамып, заман ағымынан кейін қалмай дамыған елдер қатарына қосылу асқақ мұратымыз.
ТҮЙІН. Мақала соныңда тағы бір маңызды жоба – «Сырдария-Талап» топтық су құбыры жүйесін еске салуды жөн көрдім. Топтық су жүйесі арқылы тау беткейіндегі Бесарық пен Шалқия кенті, темір жол бойындағы Талап пен Кейден, дарияны жағалай қоныстанған Қаратөбе мен Байкенже ауылының арасындағы 28 елді мекендер ауыз сумен қамтылды. Бүгінде дария астымен төрт құбыр өткізіліп, құбырлар орнатылып, су жинап, тарататын пунктер салынып, тәулігіне бірнеше сағат су берілуде. Мұның бәрі Тәуелсіздіктің басты тартуы деп қабылдап, саралап шықтық.
16 желтоқсан 2021 ж. 312 0