№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Газды орнатуда озық тұр

Газды орнатуда озық тұр


Осыдан төрт жыл бұрын Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ «Қызылорда облысының 5 елді мекенін газдандыру» инвестициялық жобасы аясында Жаңақорған кентінде газды іске қосты. Содан бері газдандыру жұмысы бір сәтке тоқтаған емес. Қазір аудан орталығында 5410 абономент болса, соның 90 пайызы көгілдір отынға қосылды. Газмонтаждау жұмыстарында белсенді мекеменің бірі – «Жер-Нур» ЖШС. Кенттегі тұрғын үйлердің 25 процентіне газдың келуіне атсалысты. Серіктестік жұмысына жүгінушілер қатары көп. Оның бір себебі, Нұржан Алиасқарұлы басқаратын компания Ресейден арзан газ пештерін тікелей алдырады. Бүгінде жеке тұрғын үйлерге, әлеуметтік ғимараттарға, кәсіпкерлік нысандарға және т.б газмонтаждау жұмыстарын жүргізуде тәжірибесі қалыптасқан, әрі сапалы, жылдам жүргізетін серіктестік басшысы Нұржан Мырзахановты әңгімеге тартып, газдандыру жұмыстары қалай жүріп жатқанын сұрадық.


– Елбасының тапсырмасымен жүзеге асқан маңызды жобалардың ішінде «Қызылорда қаласының жылу-қуат көздерін және тұрғын үй секторын ілеспе газға көшіру» жобасының алар орны ерекше. Биыл қыс сапалы әрі арзан көгілдір отынды тұтынғанымызға бес жыл толады. Осы тұста аудан орталығының аумағы кеңейіп, жаңадан аумақтар қосылды. Сондықтан да шет аймақтарды газдандыру тұрғындардың өтініш-ұсынысы бойынша әлі күнге жалғасуда, – деп бастады әңгімесін ол.
– Сіздер Ресейден тікелей газ пештерін әкелесіздер. Бұл қалай жүзеге асуда?
– Ресейдің Растов облысына қарасты, Таганрог қаласында жасалатын «NUR GAS» пешінің және «Аридея» пешінің Қызылорда облысындағы арнайы диллері десек те болады. Яғни өзге компаниялар пешті біз арқылы сатып алады.
– Газ пештің аты мен сапасы туралы айта кетсеңіз?
– Газ пештері өте сапалы және біздің жақтың қатты желдерінде өше бермейді. Зауыт сапаға кепілдік береді. Ал атына келсек, ағайынды Нұржан, Нұрлан деген есімдерге байланысты «NUR GAS» деп қойылған. Патриот ретінде брендтік эмблемасына туымызбен түстес жасалынып, қазақы оюмен көмкерілген. Осыны көргендер «Қазақстанда жасалған ба?» деп сұрап жатады.
«NUR GAS» пештері соңғы шуруфына дейін Ресейдің Таганрог қаласындағы «Меркурий» АҚ-да жасалады. Сонымен қатар онда «Аридея» пеші шығады. Газ пештері 100-500 квадрат метрге дейінгі үйлер мен ғимараттарды жылыта алады. Қазір Түркістан қаласының дүкендері пешті көтерме бағамен бізден алып сатуда.
– Қоғамда әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бар. Олар үйіне газ кіргізуде жағдайы келе бермейді. Жалпы жеңілдіктер бар ма?
– Бірінші біз тұрғын үйді өлшейміз, сосын бағасын шығарып, абонентпен келісім шарт жасаймыз. Еуразиялық банк арқылы нақты газмонтаждау жұмыстарын жүргізу үшін жеңілдетілген пайызбен (12%) несиеге газ пештерімен және газбен бумен жылытуға қажетті материалдарымен орнату мүмкіндігі қарастырылған.
Нақты ақшасы жоқ, несие шықпайтын абоненттерден төрт түлік малды базар бағасымен бағалап үйін газдандырамыз. Халыққа қалай тиімді, елге қалай қолайлы соған сай жұмыс жасаудамыз.
– Кепілдік бере аласыздар ма?
– Әрине. Біздің серіктестік газмонтаждау жұмыстарын жүргізген нысандардан шағым түскен емес.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
23 қазан 2019 ж. 497 0