Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 53

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Мәңгілік елдің жеті тұғыры

Мәңгілік елдің жеті тұғыры

Қараша айында ең өзекті саяси жаңалық - елордада Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай жастарға арналған «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ел назарына ұсынуы болды.
Бүгінгі қоғамдағы бұқаралық ақпарат құралдарының басты парызы халыққа уақыт кезеңдерінің міндеттерін жан-жақты түсіндіру, жас ұрпақты тәрбиелеу т.б. толып жатқан сан-саладағы көкейкесті міндеттерді бойларына сіңіру десек, осы орайда облыста ақпарат саласында талмай еңбек етіп жүрген облыстық «Сыр медиа» ЖШС директоры, облыстық мәслихат депутаты Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы мәңгілік елдің жеті тұғырын елге түсіндіру мақсатында алғаш ауданымызға аттың басын тіреуі қалыпты еді.
Сондай – ақ шараға «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалына қарасты Жаңақорған санаториясы бастауыш партия ұйымының мүшелері мен «Nur Otan» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты, аудандық кітапхана директоры А. Тилеубергенова мен «Халықты жұмыспен қамту орталығы» мекемесі директорының орынбасары, аудандық мәслихат депутаты М. Балқожаев, «Жаңақорған тынысы» газетінің бас редакторы, аудандық мәслихат депутаты Н. Байгенже қатысты.
Сөз кезегін алған Аманжол Сақыпұлы тәуелсіздік, бірлік пен келісім, қасиетті жер, отбасы мен салт – дәстүр, ұлт мәдениеті, білім мен еңбек, прагматизм сынды «Елдіктің жеті тұғыры» болашаққа жүктелетін тарихи миссия екендігін айта келе, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы азат, ойы озық жаңа буынға арналған үндеуді жастардың бойына сіңіруге әрбір азамат күш салу қажеттігін және жастарымыз осы «Жеті тұғырды» терең түсініп, оларды ту етіп, елге қызмет етулері керектігін дәйекті дәлелдермен жеткізе білді.
07 желтоқсан 2021 ж. 309 0