Жеті тұғыр қағидаттар жинағы – жаңа серпіліс
Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы», «Рухани жаңғыру», Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының мән-мазмұнымен сабақтас, бір-бірін толықтыратын «Елдіктің жеті қыры» қағидаттар жиындығы ХХІ ғасырда бәсекеге қабілетті болуды айқындаған құнды құжат болды.
Есін жиып, етегін қымтаған елдің ең бірінші қолға алатын басты мәселесі – шекара шебін бекемдеу. Бұл тұрғыда Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ қарекет етіп, мемлекеттік шекараны шегендеп, халықаралық келісім-шарттарды бекітіп, Ұлы Дала еліндегі Сақ, Ғұн дәуірінен бастау алатын елдіктің жолын жалғады.
Бұған дейін де Елбасы адами капитал мен прагматизм принциптерін түсіндіріп келсе, қағидаттар жиындығында да бұл қасиеттерге айрықша тоқталады.
Білімді адам ең бірінші кез-келген заманауи үрдістерге тез бейімделіп, белсенділі мен біліктілігін көрсете біледі және бұл санаттағы адамдар ысырапшылдық, мансапқұмарлық әдет-дағдыларға қарсы болады.

Адам капиталы – мемлекеттің, сондай-ақ, экономикасы мен оның еңбекке жарамды азаматтарының бәсекеге қабілеттігін арттырудың қажетті ресурсы.
Ал, прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алатын қабілетті адамның қасиеті.
«Көрпеңе қарай көсіл» ұлағатынының мән-мағынасын зерделейтін болсақ, Елбасы ұсынған прагматизм принципінің маңызын түсінуге болады.
Қысқасы, Тұңғыш Президент дамудың даңғыл жолын нұсқап, "Мәңгілік Ел" идеясын жүзеге асыру бағдарлайды.Нұрлат БАЙГЕНЖЕ,
Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаты.