«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қуаныш – жан шуағы

Қуаныш – жан шуағы


Жаңақорған аудандық мәслихатының депутаттары қоғамдық маңызы бар іс-шаралардың бел ортасында жүреді. Nur Otan партиясы аудандық филиалының төрағасы – аудан әкімі Руслан Рүстемов және мәслихат хатшысы Ғалымжан Сопбеков, депутаттар Мәжит Балқожаев, Нұрлат Байгенже Жаңақорған кентіндегі Алтынсарин көшесінде ашылған балалар ойын алаңының ашылу салтанатына қатысып, сауапты істі жүзеге асырған азаматтарға алғысын білдіріп, тұрғындардың қуанышына ортақтасты. Әрі бас партия – Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыттарды дәріптеп, бұл бойынша ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етті.

«Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады». Тәлімді сөзден тағылым тарататын болсақ, жасөспірімдерге жасалған жақсылықтан артық қайырлы іс жоқ. Солай ғой, балалық шақтағы қуанышты сәттер дүниені танып, көзқарасты қалыптастырады. Егер сәби ойын арқылы мейірім шуағын бойына сіңірсе, есейе келе өзгелерге жақсылық жасайтын, қайырлы азамат болып қалыптаспай ма?!
Міне, қайырлы қоғам солай құрылса керек-ті.
«Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының игілікті істерінен осындай пәлсапаны танып, келешек үшін бір тамшы болса да үлес қосуға деген талпынысты көруге болады. Бұған дейін әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз етіп келсе, бұл жолы балалар ойын алаңын пайдалануға берді.
Бұған дейін Ы.Алтынсарин көше­ле­рімен жауынды күндері көлікпен де, жаяу да жүру қиын еді. Көше тұрғындары тұрғылықты жеріне батпақтап әрең дегенде жететін. Мұны ескерген аудан әкімі осы аймаққа басымдық берді. Нәти­жесінде Алтынсарин көшелері орташа жөндеуден өтіп, шағын спорт алаңын қайта жаңғырып, оның қасына тренажер (жаттығу) құралдарын орна­тып берді.
Бұған қоса қайырымды азаматтардан құрылған қоғамдық қор балалар ойын алаңын салды. Енді алтынсариндік жасөспірімдер мен жастар бос уақытын сапалы өткізуге мүмкіндігі мол.
Қуаныш шаттығына аудан әкімі Рус­лан Рүстемов және бірқатар зиялы қау­ым өкілдері ортақтасып, игі тілек­те­рі­­мен бөлісті.
– Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқа­евтың Жолдауынан туындайтын міндет-мұраттар жүйеленіп, ауданда сапалы жүзеге асырылуда. Аудан әлеуметтік-эко­номикалық және рухани-мәдени тұр­ғыда оң нәтижеге ие. Биыл ауданның өз кірістері 110 пайызға жетті. Сондай-ақ салық түсімдері де, негізгі капиталға түсетін қаржының көздері артып келеді. Мұндай нәтижелі жұмыс әлеуметтік маңызды жұмыстарды жүргізуге септігін тигізетіні анық. Қаржы көздерінен 1,3 млрд теңге тартылып, оған 64,4 шақырым жол орташа жөнделді. Оның 30,4 ша­қы­рымы аудандық бюджет есебінен атқарылды. Яғни аудан көлемінде 57 ауылішілік жолдар жөнделсе, соның 43-іне аудан қазынасынан қаржы қарадық.
Жыл өткен сайын халықтың сұра­нысы артып келеді. Мұны орындауда инфрақұрылымды жетілдіру маңызды. Сондықтан елді мекендерді газдандыру жолды орташа жөндеу, көпір салу, канал қазу және тазалау, электр желісін жаңарту, мектеп пен клуб үйінің құрылысын және т.б жүргізе беретін бо­ла­мыз.
Ауданның ерікті жастары да халық­шыл істерге дем беріп, жүкті көтеріп келеді. Мәселен, жақында ғана әлеу­мет­тік жағдайы төмен отбасыларға 30 тонна көмір түсіріп берсе, 25 жанұяны азық-түлікпен қамтамасыз етті. Өткен жылы бес отбасын баспанамен қамтамасыз етсе, биыл бір үйді тұрғызды. Белсенді жас­тарға сауапты істерді жалғастыра беруде сәттілік тілеймін, – деді Руслан Рүстемұлы.
Аудан басшысы саялы ортаға, де­ма­лыс орнына айналуда еңбек сіңірген бел­сенді азамат Дәулет Тұрабаевқа «Ал­ғыс хатын» ұсынды.
Ауданның бас имамы Әбдіхалық Не­матов жасөспірімдердің саулығын арт­тыруда септігі тиетін ойын алаңын құр­ған қайырымды жастарға алғысын біл­дірді.
Жалпы Алтынсарин аумағына бұ­дан кейінгі уақытта да мән беріледі. Мәсе­лен, Сырдария өзенінен өтетін көпір­ден Алтынсаринге дейінгі ара­лық­тағы автомобиль жолының екі бетіне саялы ағаштар отырғызып, бил­бордтар жаңартылып, көше жарығы орнатылатын болады. Жоспарлы іс ке­ле­сі жылы жүзеге асады.
Балалар ойын алаңы үлкен сұра­нысқа ие. Саяжай, Алтыкранд, МАИ бекеті аумағындағы тұрғындар бала­ла­рын стадион маңында салған жалғыз ойын алаңына әкеліп, ойнатады. Демек Жаңақорған кентінде балалар ой­нап, таза ауамен тыныстап, серігетін алаңдарға қажеттілік бар. Міне, ендігі кезекте осы жерлерде де ойын алаң­дарын салу маңызды.
«Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қорының белсенді мүшесі Қоғамбек Бисенбаев балалар өмірді та­нып-білуде ойнауы маңызды екенін ай­тып, алдағы уақытта кентте кезең-кезе­ңімен балалар ойын алаңын салуға мән берілетіндерін айтты.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
07 желтоқсан 2021 ж. 308 0