№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Айналаңызда балалар ойын алаңы бар ма?

Айналаңызда балалар ойын алаңы бар ма?

Жаз балалардың асыр салып ойнайтын мезгілі. Ал бала ойын арқылы дүниені таниды, ойлау қабілеті артып, көзқарасы қалыптасады. Сондықтан жасөспірімдердің сапалы демалысына мән беру маңызды. Ол үшін не істеу керек? Әрине ойын алаңдарын көптеп құрған абзал.

Бала қиялына қанат бітіретін ойындар балаларға кішкентай кезінен қоғаммен араласуды үйретеді және татулыққа тәрбиелейді. Еңбексүйгіш болып қалыптасады. Бұл – ғалымдар мен психологтардың ортақ пікірі.
Кемелді келешегіміздің кепілі саналатын балаға қамқорлықтың үлкені ойын алаңдарын қауіпсіз әрі сапалы ету. Біз бұл жағынан мақтана алмаймыз. Әзірге Стадионның маңында балалар ойын алаңы бар. Ал Саяжай, МАИ бекеті, Қорғантоғай, Алтыкрант секілді шеткі аумақтарға, тіпті Хорасан ата, Құрманғазы секілді ірі көшелерге ойын алаңын салу керек-ақ. Мұның жайын жауапты мекеме мамандарынан білдік.
– Биылғы жоспарда балалар ойын алаңын қалыптастыру кент әкімдігі есебінен қаралған жоқ. Бірақ стритбол алаңын салу жоспарда бар. Кенттегі №163 мектеп жанынан стритбол алаңының құрылысы жүргізіледі. Оның жанына жаттығу құралдары орнатылады. Яғни кішігірім тренажер есебінде болады, – дейді кент әкімінің орынбасары Нұржан Сүлейменов.
Одан кейін құрылыс бөлімінің есігін қақтық. Олардың жауабы: «Бізге тиісті тапсырма келген емес. Егер ондай алаңдардың қажеттілігі туындап, әкім тарапынан тапсырма берілсе біз жоба жасауға дайынбыз» дейді. Осы орайда кент тұрғындарына мұндай алаңдар қажет емес пе деген ойда қалдық. Егер керек болса, онда неге ата-аналар өтініш жазбайды? Ал спорт бөлімі басшылығы не дейді?
– Стритбол алаңы кенттен бөлек Түгіскен ауылына да салынады. Биылғы жоспар осы. Жеткіншектер болмаса да, оқушылар спортпен айналысуына жағдай жасалады. Одан бөлек, кенттегі барлық жасыл алаңдар күрделі жөндеуден өтеді, – дейді аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов.
Осыған байланысты тұрғындар тілегін тыңдап көрдік.
– Біз МАИ бекетінде тұрамыз. Жаз басталса болды немерелерімді алып орталыққа серуендетіп қайтатын едік. Парктегі ақылы балалар алаңы іске қосылмаған күнде стадион жақтағы ойын алаңына барамыз. Әрине күнде бара беруге мүмкіндік болмайды. Кейде уақыт тапшы, кейде көліктің ретін таппаймыз. Ал тұрмысы төмен отбасылардың балалары аптасына бір барғанға қуанады. Шыны керек ойын алаңы – әр адамның балалық шағының бір бөлшегі. Жадыраған жаз мезгілінде балалардың ойын алаңы сәбилердің күміс күлкісінен жайнап тұрғанға не жетсін?! Сондықтан көше-көше болмаса да әр аумаққа бір-бір ойын алаңын салып берсе деген тілегіміз бар! – деді Амантай қария.
Мұндай пікірді Саяжай, Жаңауыл тұрғындары да қолдап отыр.
Бір сәт көрші аудандарға да бет бұрып көрейік. Көбіне өзге өңірлерде жеке кәсіпкерлердің демеу­шілігімен ойын алаңы бой кө­теруде. Жаңақорғандағы жалғыз алаң «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы арқы­лы салынды. Мәселен, Шиелі кентінде балалар ойнайтын алаңдар жетерлік. Онға жуық алаңның негізгі мердігерлері дара кәсіпкерлер. Кент­тегі ойын алаңдарын үлкен етіп салу міндет емес. Бастысы, балалар алаңсыз ойнаса болғаны...
Бізде қалталы азаматтар жетеді. Атын атап, түсін түстемей-ақ қояйық. Соларға құлаққағыс болсын, бала ертеңгі елдің келешегі екенін ұмытпаған жөн. Демеушілікті «СКЗ-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС және «Шалқия Цинк ЛТД» АҚ сынды өндіріс орындарынан іздейміз. Ірі-ірі өндіріс орындары әлеуметтік жауапкершілікті сезінгені дұрыс. Бір ойын алаңын салып беруге әлеуеті жететін кәсіпкерлер де аз емес. Олар да әлеуметтік жауапкершілікті сезініп, жасөспірімдердің келешегі үшін ойын алаңдарын салса қайтеді?!
Қазір көшеде доп қуалап, топыраққа аунап жүре беретін заман емес. Адамның талабы өсті, талғамы артты. Сондықтан балалардың ойын алаңдарын реттейік, ағайын! Оған аудан әкімдігі де мән беруі тиіс.

Әли ТЕМІРБЕК

02 маусым 2020 ж. 1 591 0