№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БЕС БАСТАМАНЫҢ БЕРЕКЕСІ

БЕС БАСТАМАНЫҢ БЕРЕКЕСІ


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Бұл – біздің қоғамның әлеуметтік бірлігін нығай¬ту үшін жігерімізді жанып, нақты іске кірісетін сәт. Біз оны ауқымды әлеуметтік жобалар арқылы жүзеге асырамыз», – дей келе әлеуметтік өркендеудің бағыт-бағдарын ұсынды. Бастаманың әрбір бағыты жалпы бұқараның мүддесіне сай келетін мәселелерді қамтыған.
Яғни, салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын жұмысшылардың табысын молайту үшін салық жүктемесін он есеге азайтып, бір пайызға түсіру қазақстандықтардың әлеуетін арттыратын жоба. Бұл жоба бойынша ай сайын ең төменгі есептік көрсеткіштің 25 еселенген көлемінен аз жалақы алатындарға салынатын жеке табыс салығын азайту арқылы олардың салық жүктемесін жеңілдетілді. Яғни, ең төменгі есептік көрсеткіш 2405 теңге болса, оның 25 еселенген көлемі 60 125 теңге. Демек, осындай қаражаттан төмен айлық табыс алушылар мемлекеттік салықтың 1 пайызын төлеуде. Бұл жұмыс берушінің тарапынсыз-ақ, жұмыскердің табысының көтерілуіне ықпал етеді. Зауыт қызметкерлері арасында көптеген жастар Елбасының осы бастамасына дән риза.
Сондай-ақ, әр отбасын тұрғын жаймен қамтамасыз ету және оған мүмкіндік қалыптастыруды Қазақстандықтар ерекше қабылдады. Бастамада әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыру көзделген. Сондықтан «7-20-25» бағдарламасын жүзеге асыру арқылы жұмыс істейтін әрбір қазақстандық несиеге тұрғын үй алып, баспаналы болмақ. Бұл – әсіресе, жас отбасыларға жасалып отырған үлкен демеу. Мұндай мүмкіндікке ие болған отбасының болашаққа деген сенімділігі артады. «Отан отбасынан басталады» десек, бұл жоба қазақ елінің іргесінің нығаюына септігі мол.
Сондай-ақ, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін жеңілдетілген шағын несие көлемін арттыру, елдің орталық және солтүстік аймақтарына газ тартуды қолға алынбақ.
Осылардың ішінде, үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсартуға» бағыт беруі өте құптарлық мәселе.
«Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек.
Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады.
Бұл төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы жаңа экономикада зор сұранысқа ие болатын сан мың жаңа маманды даярлауға мүмкіндік береді.
Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары туралы сөз болып отыр» дегені жастарды қолдаумен қатар өндіріс орындарының әлеуетін арттыратыны сөзсіз. Өйткені, сапалы кадрлар кез-келген өндіріс орындарын бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлемдік үрдістің ағымына сай бейімделе алатыны белгілі. Ендеше, бастама «СКЗ-U» секілді өнеркәсіп орындарына қажетті маман даярлап, жұмыстың сапасы артуына мүмкіндік береді.
Елбасы шағын және орта бизнеске айрықша басымдық беріп, оның дамуын мемлекеттік деңгейде қолдауды тапсырды. Әрі тиісті қаражатты нақты көрсетіп берді. Ал, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «2018 жыл – Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» деп жариялады. Бұл өңірдің кәсіпкерлік саласына қан жүгіртіп, өндіріс орындарымен тығыз жұмыс жасайтын шағын кәсіпкерлік субъектілерін қалыптастырады. Бір сөзбен айтқанда, бес бастаманың берекесі мол.
Жалпы, АҚШ, Жапония, Сингапур сынды дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік экономиканың 70-90 пайызын құрайды. Онда ірі-ірі кәсіпорындар мемлекет емес кәсіпкерлік субъектілеріне арқа сүйейді.
Жаңақорғанда кәсіпкерлік саласының қайнары – ауыл шаруашылығы саласында. Осы бағытта дамуды да байқауға болады. Енді аудан тұрғындары Елбасының Үндеуінде көтерілген басымдықтарды тиімді пайдалынып, әлеуетін арттыруға жұмыс жасайтыны белгілі. Оған жерлестердің ерік-жігері де, белсенділігі де, ақыл-парасаты да жетеді.

Мәдіхан БЕКЖАНОВ,
облыстық мәслихаттың депутаты,
«СКЗ-U» ЖШС-нің бас директоры.
24 сәуір 2018 ж. 1 079 0