№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдың серпілісі сараланды

Сырдың серпілісі сараланды


Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналистерге баспасөз конференциясын өткізіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы деңгейін айтып берді.


Сыр өңірінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдау­ынан туындайтын негізгі міндеттерді орындауға бағытталған ауқымды бас­тамалар көп. Аймақ басшысы соларды рет-ретімен баяндады.
– Индустриалды-аграрлық өлкеге айналды. Өңірлік өнімдегі өнеркәсіп өндірісінің үлесі 1991 жылғы 11 пайыздан 30 пайызға дейін, ал ауыл шаруашылығының үлесі соңғы 10 жылда 3,9 пайыздан 6,3 пайызға дейін артты. Күріштің өнімділігі мен жалпы алынған өнімі бүгінде 1991 жылғы көрсеткіштерден 1,5 есеге өсті.
Өңірде жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері санының өсу қарқыны бойынша елдегі үздіктердің қатарында (облыс –106,6 пайыз, республика –104,5 пайыз). 30 жыл ішінде 8 млн шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Берілген тұрғын үйдің көлемі 1991 жылғы 260 мың шаршы метрден бүгінде 600 мың шаршы метрге дейін жетті.
Халықтың 97 пайызы орталық­тандырылған ауыз сумен қамтылды. Өңір бүгінде жоғарғы көрсеткіштердің бірін көрсетуде. Жақсы жолдардың үлесі 2,5 есеге артты (31 пайыздан 75 пайызға дейін), – деді Гүлшара Наушақызы.
Сыр өңірін әлеуметтік-эконо­ми­калық және рухани-мәдени тұрғыда алғанта төрт құбыласы тең. Оған жүздеген әлеуметтік нысан бой көтеріп, инфрақұрылым жетілдірілгені дәлеле. Мәселен, облыстық медициналық, диагностикалық, перинаталдық, мүге­дектерді оңалту және тағы басқа орталықтар халыққа сапалы сервистік қызмет көрсетуде. Спорттық нысандар саны 3 есеге, ал денешынықтыру және спортпен шұғылданатындар саны 6 есеге артты.
– Тәуелсіздік жылдары 500 мыңнан астам бала дүниеге келсе, халықтың саны 592 мыңнан 824 мыңға дейін көбейіп, ал өмір сүру ұзақтығы 8 жылға артты (64,4 жастан 72,79 жасқа дейін).
Экономикамен қатар, азаматтық қоғамда ілгері дамып келді. Тәуел­сіздіктің алғашқы жылдары облыста 15-тен аса қоғамдық ұйымдар тіркелсе, бүгінде олардың саны 994-ке жетті. 2016 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа 450 млн. теңге бөлінсе, биылғы жылы 125 жобаға 1 млрд-тан аса қаржы бөлінді (48 пайызға көп), – деді облыс әкімі.
Коронавирус әлем елдерін тығы­рыққа тіреп, вакциналауды қарқынды жүргізу керектігін көрсетіп берді. Облыс «жасыл аймақта» болғанына қарамастан, коронавирустық инфек­цияны тежеуге басымдық беріп, жүйелі жұмыс жүргізілуде.
– Бүгінгі күні вакцинациялауға жа­та­тын облыс тұрғындарының 86,2 пайызы (452 мыңнан 389954 адам) вакцинаның бірінші компонентін алса, 72,5 пайызы екінші компонентін (328189 адам) алды. Жыл басынан бері егу кабинеттерінің саны 34-тен 106-ға дейін артты.
Үй жағдайында қызмет көрсететін 39 мобильді, 167 мониторингтік топ жұмыс жасауда (15363 объект тексеріліп, 52 млн.теңгеге 799 бұ­зушылық анықталды).
Pfizer вакцинасын егуді 15 қара­шадан бастадық. Бүгінде 23400 дозасы өңірге жеткізілді (талаптарға сәйкес 2 мұздатқыш камера сатып алынды, жақын арада тағы 10 камера мен 20 термоконтейнер жеткізілетін болады). Барлығы 97 мың доза жеткізу көзделіп отыр.
Аймақ басқа жедел респираторлық-вирустық инфекциялармен (ОРВИ) күресуге дайын, дәрі-дәрмекке қа­тысты мәселе жоқ, – деп атап өтті облыс басшысы.
Бүгінде өңірде бірқатар көрсет­кіштер бойынша оң динамикаға қол жеткізді. Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова төмендегідей баяндады.
2021 жылдың 9 айдың қоры­тындысымен өнеркәсіп өнімі өндірісі (0,5 пайыз), оның ішінде өңдеу саласы (12,6 пайыз), сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі көбейді (2,3 пайыз). Жұмыс жасап тұрған шағын және орта бизнес субъектілері саны өсіп (6,6 пайыз, 47,4 мыңнан 50,6 мың бірлікке дейін), құрылыс жұмыстары (2,4 пайыз) мен пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі де артты (3,5 пайыз).
Биыл 2408 пәтерлік 110 тұрғын үйлердің құрылысы жүруде, оның ішінде Байқоңыр қаласында 250 пәтерлік 5 тұрғын үй бар. Жыл аяғына дейін 1608 пәтерлік 94 тұрғын үй пайдалануға берілетін болады.
Облыс экономикасына (0,1 пайыз), оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі артты (2,6 есе).
Жұмыс жасап тұрған кен орын­дарының сарқылуына байланысты мұнай өндіру көлемі қысқаруда (92,1 пайыз). 2007 жылы өңірде ең жоғары өндіру көлемі 11,7 млн тоннаны құрады. Ағымдағы жылы болжам бойынша 4,2 млн тонна мұнай өндіріледі.
Жаңа кен орындарын іздеу мақ­сатында биыл Арал теңізі аква­ториясының «Батыс» және «Шығыс» учаскелерін, сондай-ақ Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары басталатын бо­лады.
Индустрияландыру бағдарла­ма­сы­ның үшінші бесжылдығы (2020-2025 жылы) аясында құны 543 млрд теңгеден асатын 46 инвестициялық жобамен жұмыс жүргізудеміз, бұл өз кезегінде 7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Биыл құны 45 млрд теңгені құрай­тын, қолданысқа түскенде 500-ге жуық жұмыс орны ашылатын 4 жобаны іске қосу жоспарлануда. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты бар.
Осы жылы Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының (235 млрд.теңге) және Арал ауданында кальцийленген сода зауытының (93,5 млрд.теңге) құрылысын бастау дайындықтары жүргізілуде.
Суармалы сумен байланысты проб­лемаларды ескере отырып, біз ауыл шаруашылығы өндірісін, әсіресе, егін­шілікті әртараптандыруды және су ресурстарын тиімді пайдалануды мақсат етіп қойдық.
Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес Қараөзек су қоймасын салу басталады (жалпы көлемі 775 млн текше метр).
Топырақтың қатты тұздануына байланысты біз суармалы жерлерде басқа дақылдарды тек күріштің ауыспалы егісінде сәтті өсіре аламыз. Сондықтан күріш егісін қысқарта отырып, күріш өсірудің тиімділігін арттыруға жұмыс жасаудамыз. Биыл күріш егісін 89,5 мың гектардан 83,6 мың гектарға дейін қысқарттық.
Су тапшылығына қарамастан өткен жылғы деңгейде (550 мың тонна) – 500 мың тонна (орташа өнімділік 59,8 ц/га) өнім алдық. Алдағы уақытта егіс алқаптарын 80 мың гектарға дейін көлемінде қалыптастыруды жоспарлап отырмыз, бұл ретте ылғал аз қажет ететін дақылдар – соя, жүгері, майлы (мақсары, соя, күнбағыс) және жемшөптік дақылдар (жоңышқа, сүрлем, жемдік асқабақ) егістігін ұлғайтатын боламыз.
Сонымен қатар, суландырудың ылғал үнемдеу технологияларын-аквагельдерді, жаңбырлатып суаруды, көшет әдісін енгізудеміз.
Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде мал шаруашылығында бүгінде мал саны 1991 жылғы деңгейден асып отыр (ірі қара мал басы – 223,1 мың бастан 342,4 мың басқа дейін, жылқы – 71,3 мың бастан 164,7 мың басқа дейін, түйе - 26,0 мың бастан 51,5 мың басқа дейін). Жайылымдық жерлердің тиімділігін арттыруға және шалғайдағы мал шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударудамыз. Ол үшін пайдаланылмаған жайылымдардағы 452 су көзін жөндеуді жоспарлап отырмыз, бұл шамамен 1,7 млн гектар жерді пайдалануға мүмкіндік береді (қазіргі таңда 296 су қондырғыларын құжаттандыру жүр­гізілуде. Бұл жұмыстарға биыл облыстық бюджеттен 39,2 млн теңге бөлінді).
Жалпы, осы жылы жоспарға сай ауыл шаруашылығы айналымына 60 мың га жерді алу жоспарланса, оның 56,5 мың гектар жері алынды.
Құрғақшылық салдарынан Арал ауданында малдың жаппай қырылуы бізге елеулі сынақ болды. Суармалы судың жетіспеуіне байланысты төтенше жағдай жарияланды. Жедел шаралар нәтижесінде жағдай тұрақталды. Малшыларға көмек ретінде жем шөппен қамтамасыз етуге, сондай-ақ, суат мәселесін шешуге, жайылымдарды, шабындықтарды суару және көл жүйелерін суландыру мәселелерін ше­шуге 600 млн.теңге бөлінді.
Балық шаруашылығын дамытудың 2030 жылға дейінгі өңірлік бағдарламасы іске асуда. Ол тауарлық балық көлемін 16 мың тоннаға дейін жеткізе отырып, 100 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді, ал балық өнімдерінің экспорты 2 есе – 8,5 мың тоннаға дейін өседі.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Тұрақтандыру қоры жұмыс жасауда (жыл басынан бері облыстық бюджеттен 3124 тонна өнім сатып алуға 900 млн теңге бөлінді), айналым схемасы бойынша қарыз қаражаты берілуде. Соңғы 2 жылда осы схема бойынша 15 кәсіпкерлік субъектісіне 1083 млн теңге бөлінді (кәсіпкер қарыз есебінен халық­ты нарықтық бағадан төмен бағамен азық-түлікпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ, облыстың кез келген ірі дүкенінде өзінің әлеуметтік бұрышын аша алады.Қарыз қаражаты тауар өндірушілерге ауыл шаруашылығы өнімдерімен не оны қайта өңдеу өнімдерімен қамтамасыз ету үшін тікелей де беріледі. Субъект алған қарызын «Байқоңыр» ӘКК-ге кері қайтарады).
Жыл бойы тұрақты түрде 36 ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілді (азық-түлік тауарлары нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылды). Азық-түлік тауарларын өндірушілер және сауда субъектілерімен бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу туралы 300-ге жуық меморандумға қол қойылды, сондай-ақ, өндірушілер, көтерме жеткізушілер және ірі сауда желілерімен (4-өндірушілермен, 4-сауда желілерімен, 5-көтерме жеткізушілермен) 13 монополияға қарсы комплаенс жасалды.
Нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға баға индексі бүгінде орташа республикалық деңгейден аспайды (облыс – 100,2 пайыз, ҚР – 100,2 пайыз). Жұмыссыздық деңгейі 4,9 пайыз (ҚР – 4,9 пайыз) құрайды. Жыл басынан бері 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды (27 549), оның 14114-і тұрақты. Оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 849 мүмкіндігі шектеулі адам жұмыспен қамтылды, оның 306-сы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды. Биыл мүгедектерді әлеуметтік қолдауға барлығы 1,8 млрд.теңге бөлінді (РБ – 875,2 млн. теңге, ЖБ – 924,6 млн. теңге).
Шағын орта бизнесті дамыту мақсатында Қызылорда облысының 2023 жылға дейінгі экономикалық даму Картасын жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінгі күні жалпы құны 9,5 млрд теңгеге 163 жоба (1,5 мың жұмыс орны құрылған) іске қосылды, оның ішінде биылғы жылы 74 жоба (2,3 млрд. теңге), 426 жұмыс орны құрылды.
Қой, сиыр және жылқы етінен жасалған консервілер, күріш, қарақұмық ботқасы, жантақ балы, қауыннан жасалған чипсы және тағы басқалары өндірілуде.
Несие алу көлемі жыл сайын ұлғаюда. Биылғы жылы Бизнестің жол картасы 2025 және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламалары аясында және «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы жалпы құны 30 млрд. теңгеге 2605 жоба қаржыландырылды (2020 жылы – 23,4 млрд теңгеге 1659 жоба). Бизнеске жастардың белсенділігі артуда.
Ішкі нарықты өз өнімдерімізбен толықтыру мақсатында 2 пайызбен несиелеу бағдарламасын іске қостық. Ол мақсатқа облыстық бюджеттен 400,0 млн. теңге бөлінді (348 млн. теңгеге 14 жоба қаржыландырылды).
Кәсіпкерлікке көп балалы аналарды қамтып отырмыз (олардың саны 26 мыңнан астам).
Мемлекеттік қолдау шаралары нәти­жесінде шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 17 пайызға жетті.
Үкіметтің қолдауымен инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту мәселелерін шешудеміз.
Бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілсе, 65 пайызы табиғи газды тұтыну мүмкіндігіне ие. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 67,4 пайызға жеткіземіз.
Жақсы жағдайдағы жолдардың үле­сін жыл аяғына 75 пайызға дейін жеткіземіз.
Тұрғын үй коммуналдық шаруа­шылығы саласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы қарқын алуда. 2020 жылы қала аумағын суару және көгалдандыру жобасын жүзеге асырдық (10 млн теңге). Биыл балалар және баскетбол алаңдарын жөндеу, сонымен қатар, арық жүйесін қалпына келтіру бойынша 2 жобаны іске асыру мақұлданды (19,7 млн.теңге).
20 қараша 2021 ж. 305 0