Соңғы жаңалықтар

№51 (8865) 12

12 шілде 2025 ж.

№50 (8864) 9

09 шілде 2025 ж.

№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар

Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова өңірдің 2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары бойынша халық алдындағы есепті кездесуінде Сыр елінің агроөнеркәсіп саласында айтарлықтай өсім бар екендігін мәлімдеді, деп жазады kyzylorda-news.kz сайтына сілтеме жасаған "Жаңақорған тынысы".
Қазіргі таңда облыста 8,7 мың тоннадан астам әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры қалыптасқан. Оның 2,2 мың тоннасы тұрақтандыру қорының өнімдері. Бұл мақсатқа 1,2 млрд. теңге бөлінді.
«Соңғы 5 жылда аграрлық сектордың жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 4%-ға өсті. Бұл инвестициялардың жоғары өсу қарқынына, техникалық қайта жарақтандыруға және жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты. Тек соңғы жылдың өзінде агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына салынған инвестициялар көлемі екі есеге өсті», – деді Гүлшара Наушақызы.
Сонымен қатар, өңірде ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шамамен 9 пайызға өскен. Осы экспорттың 97 пайызы қайта өңделген өнімді құрайды.
2020 жылы алғаш рет шет елге қамыс экспортталды. Оның алғашқы 685 тоннасы Германияға жіберілді.
Сондай-ақ, Сыр елінен әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды.
17 ақпан 2021 ж. 489 0