№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сырдың серпілісі есептік кездесуде жыл жетістігін саралады

Сырдың серпілісі есептік кездесуде жыл жетістігін саралады

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова халық алдындағы алғашқы есептік кездесуінде өткен жылды қорытындылап, 2021 жылға арналған жоспарларды баяндады.

Әлем халқын бір тарының қауызына сыйдырып жіберген коронавирус Сыр халқын да тығырыққа тіреп, сынға алды. Сындарлы сәтте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Біргеміз» қорынан көлемді қаржы бөлініп, халыққа материалдық көмек көрсетілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен күресу үшін нақты шешімдер қабылдады, бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. Бүгінде қолдау шараларының арқасында Қызылорда облысы «жасыл аймаққа» тұрақтады.
– 2020 жылы Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі 200 орындық модульді жұқпалы аурухана құрылысы аяқталды. Сәуір айында пайдалануға беріледі. 3200 төсек-орын мен 3500 медицина қызметкерінен тұратын кадрлық резерв жасақталды. Екі айға жететін дәрі-дәрмектің тұрақтандыру қоры қалыптастырылып, оған жергілікті бюджеттен 488 млн теңге қаржы бөлінді. Облыстағы медициналық ұйымдар қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтылды. Тоғыз ПЦР аппараты жұмыс жасауда. Тұрғындардан тәулігіне 1000-1500 сынама алынуда. Бүгінгі күні аймақта жаппай вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде. Вакцина салдыру – әр адамның жеке қалауы, – деді аймақ басшысы.
Тарихқа көз жүгіртсек, белгілі бір уақыттарда індеттер адамзат баласына төтесінен келіп, мыңдаған, миллиондаған адамдарды опат етті. Коронавирусты ауыздықтаудың жолы табалып, қалыпты өмірге көшетініміз анық. Осы тұста, шағын және орта бизнесті қолдау және отандық экономиканы әртараптандыру арқылы салық түсімдерін арттыру, жұмыссыздық деңгейін төмендету міндеті тұр.
Бұл бағыттағы бастамаларды облыс әкімі Гүлшара Наушақызы төмендегідей баяндады.
2020 жылы «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» аясында 40,1 млрд.теңге қаржы қаралып, 291 жоба жүзеге асты. Бұл пандемия кезеңінде жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әлеуметтік тұрмысын жақсартуға мүмкіндік берді.
Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүй­ек­тегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауында осы міндеттерді жүзеге асыруға басымдық беріліп, ел дамуының алдағы кезеңдегі нақты бағыттары айқындалды. Облыс экономикасындағы кейбір көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан Үкіметпен жасалған Меморандумға сәйкес өңірге инвестиция тарту 230 млрд. теңге болып белгіленсе, көрсеткіш 27 пайызға артығымен орындалып, 292 млрд.теңгеге жетті.
Тұрғын үй салу жоспары 591 мың шаршы метр болса, бұл көрсеткіш те 609 мың шаршы метр өсіммен орындалды (өсім 3,0 пайыз).
Өңір экономикасының негізгі проблемасы - кен орындарының сарқылуы.
2020 жылы мұнай өндіру көлемі 17,3 пайызға (960 мың тоннаға ) азайса, ағымдағы жылы тағы 10,5 пайызға (500 мың тоннаға) қысқарады деп болжануда.
Уран өндіру көлемінің 20 пайызға төмендеуі (соның салдарынан құрамында уран бар шикізатты қайта өңдеу көлемі 28 пайызға қысқарды) өнеркәсіптік өнім өндіру мен қайта өңдеу көрсеткішіне теріс әсер етті.
Мұнай мен уран өндірісінің төмендеу салдарын азайту үшін облыста кешенді шаралар қабылдануда.
«Ауыл – Ел бесігі», «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасының арқасында өңірде жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз (республикада 5,0 пайыз).
Осы бағдарламалар аясында 2020 жылы тұрғын үй, жол және әлеуметтік салаларда 44,3 млрд. теңгеге 351 жоба жүзеге асырылды.
Ал, биыл 12,8 млрд. теңгеге 42 жоба іске асырылады.
Облыста өткен жыл бойынша 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды, оның 15 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орны. 2020 жылы халықтың нақты жалақысы 11,5 пайызға, ақшалай табысы 1,3 пайызға (83 641 теңге) өсті.
2020 жылы аймақ экономикасының негізгі басым бағыттарын дамытуға Президент тапсырмасымен қосымша 15,6 млрд теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржыға маңызды 42 жоба жүзеге асырылды. Барлық мемлекеттік бағдарламалар бойынша облыста 492 шақырым болатын автожол мен көше жөнделіп, 2 көпір және 408 пәтерлі 39 көпқабатты тұрғын үй, 13 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді.
Биыл 1964 пәтерлік 101 тұрғын үй пайдалану­ға берілмек.
Бүгінде облыс халқының 97 пайызы орталықтандырылған ауыз сумен, 65 пайызы табиғи газбен қамтылған.
2020 жылы 16 елді мекенде су құбыры және кәріз желілерін қайта жаңғырту бойынша жалпы құны 4 млрд теңге болатын 27 жоба жүзеге асырылды.
Осының нәтижесінде 100 мыңнан астам адам таза ауыз сумен қамтылды.
Сондай-ақ облыс әкімі ауылшаруашылығы, кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік салада атқарылған игілікті істерді саралады.
Есептік кездесудің тікелей көрсетілімі Қызылорда облысының әкімдігінің және «Qyzylorda» облыстық телеарнасының «Уoutube» каналында, «Facebook» әлеуметтік желісінде берілді. Облыс әкіміне 400-100.kz сайты мен телеграм каналына және жәшіктерге 186 сұрақ келді. Сұрақ қоюшының бірі – жаңақорғандық «Аққозы» шаруа қожалығының төрағасы Мұратбек Рыспанбетов 2020 жылы мал азығына бағытталатын субсидия жеткіліксіз болғанын, соңы төлеуге ықпал етуін сұрады.
Шаруашылық төрағасының сұрағы орынды. Себебі соңғы жылдары ауданда төрт түліктің саны артты. Қазір малға қажетті жем-шөп те қымбаттап, шаруаларға қолбайлау болуда. Облыс әкімі бұл бағытта жүйелі жұмыстар атқарылатынын ескертті.

Жасұлан Сейдеметов

20 ақпан 2021 ж. 608 0