№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елдің жүгін ер көтереді

Елдің жүгін ер көтереді

Әр халықтың өзіндік бет-бейнесін танытатын тұлғалары болады. «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалада бұл бағытта басымдық берілді. Яғни елдің елеулі азаматтарын ұлықтап, жас ұрпаққа олардың өнеге-өрімін насихаттау. Халықаралық энциклопедия жарық көріп, оған жерлесіміз, селекционер ғалым Керімхан Егізбаев еніпті.Ешбір қиындыққа мойымай, кәсібін игеріп, еңбектің бейнетін көріп, жемісін жеп жүрген ағамыздың азаматтығы бір бөлек. Келінтөбе ауылдық округіне қарасты «Orda Агротехнология» ЖШС мал және егін шаруашылығын қатар дамытып келеді.
Келінтөбелік ғалым «Санта-Гертруда» сиырын көбейтуге маңыз берді.
Оның айтуынша, сиырдың бұл түрінің терісі қалың болғандықтан маса, сона, кене сынды зиянкестерге төзімді келеді. Сыр табиғатына шыдамды асыл түліктің орта есеппен салмағы – 500-600 келі. Ал, бұқаларының салмағы 800 келіден басталады екен. Бұл – бір. Енді екіншісі – Керімхан Егізбаев күріштің жаңа сортын ғылыми айналымға енгізді. Әрине жалғыз емес. Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты мамамандарымен бірлесе отырып, жаңа сортқа «Ай-Керім» деген атау берді. Ғалымдардың айтуынша, «Ай-Керім» сортының шынылығы басқа тұқымдарға қарағанда 80 пайызды көрсетеді. Сабағы күріштің өзге түрімен салыстырғанда 15-20 см-дей биік. Әрбір масақта 250-ге дейін дән байлайды. Міне, шалғайдағы ауылда жүріп, қос шаруашылықтың ескегін қатар есіп, еселі еңбегімен елге танылуда.
Тұңғыш Президенттің қабылдауында болған санаулы жаңақорғандықтардың бірі – Керімхан Егізбаев ағамыз. Ол 2000 жылдың 7 қарашасында Елбасы қабылдауында болып, «Көксарай» су реттегіші жобаның маңызын алға тартады. Өкінішке орай, К.Егізбаевтың жобасы бірден қолдау таппады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бұл жобаға ұзақ уақыт және қыруар қаржы қажет ететінін ескерді. Екіншіден, мұндай су қоймасын салу үшін бірқатар мемлекеттің рұқсаты керек.
Алайда Үкіметке тиісті тапсырма жүктеп, зерттеп-зерделеуге екі ай уақыт берді. Мұның өзі игі істің бастауы еді. Осылайша үкілі үмітпен елге оралған агроном К.Егізбаев «Көксарайдан» бөлек, Сырдария өзеніне Жаңақорған ауданының тұсында үрмелі су тоспасын салу жөніндегі ұсынысын қатар көтерді. Арада алты жыл өткенде Ұлт Көшбасшысы ұтымды ұсынысқа нүкте қойып, Көксарайды салуға тапсырма берді.
Ол бірыңғай шаруашылықпен айналысып кетпей, ауыл еңбеккерлерінің тұрмысын жақсарту, ауылды көріктендіруді де ұмыт қалдырған емес.
«Елдің жүгін ер көтереді» десек, кейіпкеріміз өзіне міндеттелген жүкті көтеріп, ғалымдық ізденісімен, адамдық қасиетімен ерекшеленіп жүр. Ендеше оның халықаралық энциклопедияға енуі лайықты шешім деп білеміз.

Әсел РЗАЕВА
27 қазан 2021 ж. 328 0