№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПРЕСС-ТУР: «Санта-Гертруданың» артықшылықтары талқыланды

ПРЕСС-ТУР: «Санта-Гертруданың» артықшылықтары талқыланды


«ORDA-Агротехнология» ЖШС-не шаруа қожалығына бет алдық. Делегация құрамында «Хабар» «Хабар 24», «Қызылорда» телеарнасының тілшілері және «Сыр бойы», «Жаңақорған тынысы» газетінің қаламгерлері бар.
Келінтөбе ауылдық округіндегі «ORDA-Агротехнология» ЖШС-нің асыл тұқымды «Санта-Гертруда» ет бағытындағы ірі қара малын дамыту мақсатындағы жұмысымен таныстық. Шаруашылық басшысы Керімхан Егізбаев АҚШ-тың Оңтүстік Техас штатында жерсіндірілген күрең-қызыл түсті мүйізді ірі қараға сұраныс жоғары екенін айтты.
– 1957 жылы Қазақстанға «Санта-Гертруда» аудандастырыла бастады. Елдің оңтүстік-шығыс аймағында жайылымның мол екені ескеріліп, Алматы облысының Панфилов ауданындағы Көктал совхозы мен Шелекке (кәзіргі Еңбек­ші қазақ ауданының «Куликовский» тәжірибелік шаруашылығы) әкелінді. Содан бері елдің әр аймағына тарап, көбейе бастады. 2006 жылы Алматы облысынан «Санта-Гертруда» әкеліп, көбейтудеміз. Бүгінде асыл тұқымды сиырды 336-ға жеткіздік. 2018 жылы – 8, 2019 жылы – 18, 2020 жылы – 28 бас бұқашық сатылды, – деді Керімхан Егізбаев.
Тілшілер асыл тұқымды сиырдың ерекшелігін сұрады.
– Ыстық-суыққа төзімді. Шыбын-шіркей, маса сынды қансорғыш жәндіктерге шыдамды келеді. Еті дәмді әрі сүті құнарлы болады. Сиырдың бұл түрінің салмағы 1 тонна 300 келіге дейін жетеді. Енді асыл тұқымды сиырды асыраудың артықшылығы неде? Соған тоқталсам. Біріншіден, өнімділік жоғарылайды. Екіншіден, табыс көзі артады, – деді серіктестік төрағасы.
Мал шаруашылығында жем-шөп дайындау өте маңызды іс. Сондықтан оның жем-шөбін дайындау керек. Осы мақсатта АҚШ-тың «P-31G-98» және «Syngenta» жүгерісін 38 гектарға екті. Қазір оны жинауда. Одан бөлек, 178 гектарға күріш, 90 гектарға бидай дәнін тастап, жинап алды.
– Ауылшарушылығы саласында ғылыммен байланысты орнатып, ғылыми жетістіктерді пайдалану керек. Онсыз жетістікке жету мүмкін емес. Мәселен, АҚШ-тың селекционері мен ғалымдары бірлесе өнімділігі жоғары өнімдерді шығарып, сатуда. Бізде де осы бағытта жұмыс істеуге мүмкіндік мол. Мәселен, америкалық ғалымдар шығарған жүгерінің өнімділігі, бастысы, жемнің құнарлылық құндылығы жоғары, – деді Керекең.

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
Суретті түсірген Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
26 қазан 2020 ж. 619 0